Қызылорда облысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңдылықты сақтау туралы семинар-кеңес өткізілді

07 February 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңдылықты сақтау туралы семинар-кеңес өткізілді - 88272638

Қызылорда облысының Полиция департаментінде прокуратураның бастамасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңдылықты сақтау туралы семинар-кеңес өтті.
Оған прокуратура және сот органдарының өкілдері, адвокаттар, тергеушілер, анықтаушылар және сотқа дейінгі тергеп-тексеру функциясы жүктелген қызметкелер қатысты.
Қатысушылардың баяндамаларын тыңдаған соң, күделікті құқық қолдану практикасында туындайтын өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылды.
Сот корпусының өкілдері тергеу және анықтау органдарының, прокуратураның назарын жеке тергеу әрекеттерін жүргізудің мерзімін сақтауға, санкциялауға қажетті материалдарды уақытылы ұсынуға, қылмыстық әрекеттерді дұрыс саралауға аударды.
Адвокаттар қылмыстық қудалау органының тарапынан жіберілетін жеке процестік бұзушылықтар жөнінде айтып өтті.
Прокурорлар өз кезегінде тергеу және анықтау органдарының қылмыстық істі тіркеу сатысында және сот талқылауында жиі кездесетін кемшіліктерін көрсетті.
Сонымен қатар, өткен жылы өндірісте болған істер бойынша азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзушылықтың өсім алғандығына (0-ден 2-ге дейін) назар аударылды.
Кеңеске қатысушылар «Е-қылмыстық іс» жобасының іске асырылуы, оның ішінде жұмыс орындарын техникалық және материалдық жабдықтау, байланыс каналдарының өткізу қабілеті мен «Төрелік» жүйесімен біріктірілуі жөніндегі мәселелерге жеке тоқталды.
Іс-шараның нәтижесінде бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Қызылорда облысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңдылықты сақтау туралы семинар-кеңес өткізілді - 1151723593

Comments

Add new comment