Қызылорда прокурорлары кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауда

16 April 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның қызметіне жүргізілген талдау барысында 3,6 мың кәмелетке толмаған балалардың әлеуметтік көмек алу құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Анықталғаны, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету құқығы Үкімет қаулысымен (12.03.2012ж. №320) кепілдендірілгеніне қарамастан, Қызылорданың 54 мектебінде олардың тиісінше қамтамасыз етілмегендігі белгілі болды.

Прокуратура ұсынысының нәтижесінде анықталған заңдылықты бұзушылықтар жойылып, Қызылорда қалалық әкімдігі Білім бөлімінің 2 лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Comments

Add new comment