Қызылорда прокурорлары маңызды күндердің құрметіне орай салтанатты жиналыс өткізді

08 May 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда прокурорлары маңызды күндердің құрметіне орай салтанатты жиналыс өткізді - 1424957648

Қызылорда облыстық прокуратурасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74-жылдығына және Отан қорғаушылар күнін атап өтуге арналған салтанатты рәсім өтті.

Іс-шараға облыстық прокуратура органдарының ардагерлері мен жеке құрамы қатысты.

Облыс прокуроры Н. Бижанов барлық қатысушыларды мамыр мерекелерімен құттықтап, олардың тарихтағы зор маңыздылығына мән берді.

Елдегі құқық пен тәртіпті нығайтуға қосқан үлестері үшін ол ардагерлерге алғыс айтты.

Мерекелік жиын шеңберінде жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті.

Қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін ардагерлер мен үздік қызметкерлерге салтанатты түрде ведомстволық наградалар, мақтау қағаздары, алғыс хаттар беріліп, кезектен тыс сыныптық шендерді тағайындау жөнінде хабарланды.

Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Қызылорда прокурорлары маңызды күндердің құрметіне орай салтанатты жиналыс өткізді - 1275902547

Comments

Add new comment