Қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталу жағдайы бойынша алқа отырысы өтті

16 September 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталу жағдайы бойынша алқа отырысы өтті - 659321796

Қызылорда облыстық прокуратурасында облыс прокуроры Н.Бижановтың төрағалығымен қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталу жағдайы бойынша алқа отырысы өтті.

Шараға аймақтағы құқық қорғау органдарының басшылары және тергеу қызметінің мамандары қатысты.

Көп жағдайда азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешім қабылдау барысында орын алады.

Яғни, заңға сәйкес шешім қабылдамаудың салдарынан қылмыстық істер сотта қарау барысында ақталып немесе ақтау негізінде тоқтатылады.

Бұдан бөлек, тергеу барысында анықталған қылмыстық қудалауды болдырмайтын заң бұзушылықтарды дереу жою мақсатында қылмыстық істерді ақтау негізінде тоқтату туралы шешімдер қабылдануда.

Сонымен қатар, азаматтарды қызметтік кабинетте заңсыз ұстау фактілері де орын алып, конституциялық құқықтардың бұзылуына жол беріледі.

Күн тәртібіндегі мәселені қорытындылай келе облыс прокуроры Н.Бижанов тергеушілердің кәсіби деңгейін арттырып, істерді тіркеген сәттен бастап негізділігін қарап және оларды созбалаңға салмай, тиісті процессуалдық шешім қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар, облыстық прокуратурамен азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылмауына қатысты жол картасы әзірленуде және ол барлық қылмыстық қудалау органдарына орындау үшін жолданады.

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталу жағдайы бойынша алқа отырысы өтті - 1403660338
Қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталу жағдайы бойынша алқа отырысы өтті - 1274267602
Қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталу жағдайы бойынша алқа отырысы өтті - 902500907

Comments

Add new comment