Кәсіпкерлер құқығын қорғау басты назарда

23 September 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының прокуроры Н.Бижанов облыс әкімдігінде Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Б.Палымбетовпен және өңірдіңбизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында облыс прокуроры аймақта кәсіпкерлер құқығын қорғауға бағытталған жұмыстар жөнінде сөз сөйлеп, атқарылған негізгі жұмыстарды атап өтті.

Облыс көлемінде соңғы 3 жылда прокурорлармен 264 кәсіпкердің құқығы қорғалса, 13 адам тәртіптік жазаға тартылып, 98 заңсыз актілердің күші жойылған.

Қала әкімі жанындағы сәулет қала құрылысы техникалық кеңесімен эскиздік жобаларға қорытынды беру туралы заңсыз тәжірибесі тоқтатылған.

Кәсіпкерлердің (6) жер учаскесін өзіне қолайлы бизнеске пайдалану құқықтары қалпына келтірілген.

Полиция органдарымен дәріханаларға жүргізген заңсыз тексерулер анықталып, кәсіпкерлік өкілдерінің қаржылық құқықтарықорғалды.

Бизнеспен тікелей диалог орнату мақсатында бірқатар жаңа форматтағы жұмыстар жоспарлануда.

Оның ішінде «TransparencyKazakhstan» ұйымының сауалнамасы нәтижесімен анықталған облыстағы кәсіпкерлік ортаға қысым көрсетілетін бірнеше салалар бойынша талдау жүргізіліп, «Атамекен» палатасы және мүдделі органдармен бірлесіп, тиісті шаралар қабылданатын болады.

            Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Comments

Add new comment