Абай дана, Абай дара, қазақта!

09 October 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Абай дана, Абай дара, қазақта! - 1250181244

Қызылорда облысы прокуратурасында Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абай дана, Абай дара, қазақта» атты байқау ұйымдастырылды.

Шараға барлық қала және аудандардан прокурорлар келіп, Абай рухына бас иіп,өлеңдерін оқып, әндерін орындап, бақтарын сынады.

Прокурорлар 5 топқа бөлініп сайысқа түсті.

Байқауға қатысқандардың барлық еңбектері ескерілді. Мазмұнға сай киімдері, мәнерлеп оқулары, ырғағына келтіріп шырқаған әндері және қолдау білдіріп келген жанкүйерлердің белсенділіктері де назардан тыс қалмады.

Қазылар алқасының ұйғарымымен «Абай» тобы, яғни қылмыстық қадағалау басқармасының прокурорлары Мағрипа Алиева мен Ардақ АбдыкаримовБас жүлдені иеленді. 

Байқауға қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай іс-шара прокурорлардың бірлігін арттырып, ұжымдық рухтарын көтеріп, жаңа қырларынан танылуларына зор мүмкіндік береді.

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Абай дана, Абай дара, қазақта! - 101535169
Абай дана, Абай дара, қазақта! - 1770399837
Абай дана, Абай дара, қазақта! - 82380019
Абай дана, Абай дара, қазақта! - 1367262358
Абай дана, Абай дара, қазақта! - 670884075
Абай дана, Абай дара, қазақта! - 574556313
Абай дана, Абай дара, қазақта! - 2103653508

Comments

Add new comment