Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңнамалық актілер талаптарының сақталуына тексеріс жүргізілді. (Брифинг 26.08.2014 жыл)

26 August 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыстық прокуратурамен Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті 2013 жылғы және 2014 жылдың өткен мерзіміндегі қызметінде Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңнамалық актілер талаптарының сақталуына тексеріс жүргізілді.

Тексерумен аталған департаментпен заңсыз әкімшілік істер қозғау арқылы неғұрлым жеңіл әкімшілік жазалар қолдану, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің жекелеген баптары бойынша мүлдем іс қозғамау, күші жойылған нормативтік құқықтық актілерді қолдану, нұсқаулық талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар бойынша тұрақты тұруға рұқсат беру, көші-қон желісі бойынша учаскелік полиция қызметкерлеріне бақылау жасамау, заңнаманы бұзған көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін қысқарту туралы шешімдерді қабылдамау, заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтауда белсенділік танытпау, әкімшілік жауаптылыққа тартылған азаматтарға визалар беру және ұзарту түріндегі заңдылықты бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды.

Атап айтқанда, нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмегені үшін шетелдіктерге қатысты Кодекстің 394-бабының 3-бөлігімен іс қозғалып, негізінен қарау үшін сотқа жолдану қажет болғанымен бұл талап орындалмай, осы құқық бұзушылық әрекеттері үшін Кодекстің 394-бабының 1-бөлігімен заңсыз істер қозғалып, неғұрлым жеңіл әкімшілік жазалар қолданған 64 факті анықталған.

Осы сияқты, Кодекстің 395-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылық қаралған, шетелдiктердiң жеке шаруамен шақырған Қазақстан Республикасы азаматтарына шетелдіктердің нақты тұратын жері тіркеу көрсетілген мекен-жайға сәйкес келмеуінен көрінген Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзу әрекеттері үшін Кодекстің 395-бабының 3-бөлігімен заңсыз істер қозғалып, тұрғын үй берген адамдардың жауаптылықтан босатылуына жол берілген 16 факті белгілі болды.

Сонымен қатар, Басқарманың қызметкерлері шетелдiк жұмыс күшiн жергiлiктi атқарушы органның рұқсатынсыз тартып, жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдiктердің еңбегiн пайдаланған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтап, әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болғанымен 20 факті бойынша Кодекстің 396-бабының 1-бөлігімен іс қозғалмаған.

Сондай-ақ, 33 жеке адамдарды әкiмшiлiк жауапқа тартқанымен кiнәлi заңды тұлғаларды осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуға жол бергені анықталған.

Оған қоса, тексеріс кезінде облыстық ІІД-нің көші-қон полициясы басқармасы қызметкерінің қызметтік бөлмесіндегі сейфін тексеру барысында ешбір негізсіз 27 дана Өзбекстан Республикасының азаматтарының паспорттары сақтауда тұрғаны анықталды. 

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Comments

Add new comment