Қызылорда облысының прокуроры Бижанов Нұрлан Дәуренұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокуроры<br>Бижанов Нұрлан Дәуренұлы

Бижанов Нұрлан Дәуренұлы

аға әділет кеңесшісі

Бижанов Нұрлан Дәуренұлы 1976 жылы 20 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1997 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

1998-1999 - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы прокурорының көмекшісі.

1999-2003 – Қызылорда облыстық прокуратурасының бөлім аға прокуроры, мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы.

2003-2005 – Жамбыл облыстық прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы.

2005-2007 - Қызылорда облысы Сырдария ауданының прокуроры.

2007-2008 – Қызылорда қаласының прокуроры.

2008-2010 – Қызылорда облысы прокурорының орынбасары.

2010-2012 – Бас Прокурордың аға көмекшісі.

2012-2017 – Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары.

2017-2019 – Бас Прокурордың Аппарат басшысының орынбасары.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 10 сәуір 2019 жылғы №58/6 бұйрығымен Қызылорда облысы прокуроры қызметіне тағайындалды.

05.12.2014 жылы «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.