Алаяқтан сақтаныңыз

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда қалалық прокуратурасымен қала тұрғындары үшін кең таралған алаяқ түрлері туралы аранайы ақпарат жинақталған. Осыған байланысты, аталған ақпаратты назарға алып, алдағы уақытта абай болыңыздар.

Несие беру бойынша

Алаяқтардың басым бөлігі несие алу мен несие жабуды ұсыну кезінде кездеседі. Кей жағдайларда, несие саласындағы алаяқтар ірі мөлшерде несие алу мақсатында несие беру жөніндегі өтінімдердің мәліметтерін бұрмалайды. Мұндай жағдайларға жол бермеу қажет, себебі несие туралы мәліметтерді бұрмалау заңмен көзделген жауаптылыққа, оның ішінде қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

Алаяқтар тарпынан берілген мұндай ұсыныстар заңға қайшы немесе шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін. Осындай жағдайлардың нәтижесінде Сізге берілген ұсыныстар орындалмай, керісінше қосымша қаржыларыңызды жоғалтып, ұзаққа созылатын сот процесстерінің қатыушысына айналасыз.

Сондықтан, алаяқтардың қақпанына түсіп қалмауы үшін, несие алу кезінде тек банк қызметкерлерінен кеңес алып, заңда көзделген тәртіпте несие алыңыздар.

Телефон алаяқтары

Ұялы байланыс арқылы кездесетін алаяқтардың мақсаты, алдау арқылы Сіздің ақшаларыңызды белгілі бір шотқа аудару немесе басқа да мекен-жайға жіберу болып табылады.

Аталған алаяқ түрінің кең таралғаны -  телефон байланысы арқылы Сіздің жақын туысыңыздың ауыр жағдайда екенін айтып, оның осы жағдайдан құтқару мақсатында белгілі сомадағы ақша қаражатын белгілі адамның атына аударуды сұрайды.

 Жылжымайтын мүлік

Жылжымайтын мүлік нарығында алаяқтықтың көп түрлері орын алуда. Көбіне жаңа тұрғын үйден пәтер алуға   көмек көрсетемін деп алған қаражаттарды жеке басына жұмсау деректері кездесуде.

Сонымен қатар,  жылжымайтын мүлікті жалған меншік құқығын танитын құжаттарымен сату бойынша, азаматтарды алдау жолымен ақшаларын алып қою жағдайлары да орын  алуда.

Жұмыс ұсыну.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру кезінде де алаяқтық көптеп кездесуде. Жұмыс іздеушілер жұмыс табу мақсатында жұмысқа тұрғызамын деп қызмет ұсынғаны үшін алаяқтар жоғары бағамен ақша қаражаттарын алуда.

Егер, Сіз алданып қалсаңыз, не істеу керек?

Егер, Сіз алаяққа кездесіп қалсаңыз, өз бастамаңызбен мәселені шешуге асықпаңыз.

Бұл жағдайда, қылмыстың орын алған жері бойынша дереу полиция немесе прокуратура органдарына арызданып, қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарын жеңілдету және келтірілген залалды қайтару үшін арызға істің мән-жайларын толық анықтауға жәрдемдесетін мәліметтерді көрсету қажет.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі