Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 48515
    Дата: 17.03.2019 00:14:44
    Аты-жөні: Айтжанов Талгат
    Сұрақ:
    Қызылорда облысының прокуроры Х. Дәуешовқа Шағым Мен Айтжанов Талгат Буркитбаевич 11 жыл 10 ай 5 күн бойы әскери қызметті келісім-шарт негізінде адал атқарып келдім. 2019 жылы 28 ақпандағы Мемлекеттік шекараны күзетуді жедел (барлау) қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары подолковник Сулиман Марипович Махмутовичтің № 15/1-2—1650 баяндама хаты негізінде мен Айтжанов Талгат Буркитбаевич және подполковник Суюнов Ермекке қызметтік тексеру жүргізілді. Қызметтік тексеру барысында маған қысым көрсетіп қайта-қайта түсніктеме жаздырып алды. Өзім негізі, «2020 әскери бөлімде» және «Арнайы жасақ Арланда» келісім-шарт негізінде 11 жыл бойы әскери қызмет атқардым. Осы уақытқа отан алдында адал қызмет жасап келдім. Қызылорда қаласындағы «2019 әскери бөліміне» 2018 жылдың наурыз-сәуір айында отбасылық жағдайыма байланысты алмасып келдім. Келгелі бері әр түрлі себеппен, майор М. Махашовтан қысым көріп келдім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі жарлығына сәйкес қызмет атқардым. Әрине Б. Момышұлы айтқандай; «Тәртіпке бағынған құл болмас» деген сөзін ескеріп еліміздің заңдарына бағына отырып, басшылықтың тапсырмасын уақытылы орындадым. ҚР Еңбек Кодексіні 65-бабының 3-бабыныа сәйкес әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін деп көрсетілген. Алайда, маған бір жаза емес бірден бір тәртіптік шараның орынына екі тәртіптік жаза берілді. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-не сәйкес балағаттағаным үшін әкімшілік айыппұл салынса соның негізінде маған қайта қызыметтік хат жазып қызметтік тексерулер жүргізілді. 2019 жылы 28 ақпандағы № 240 бұйрықпен бірден «қатаң сөгіс» берілген, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңын 53-бабына сәйкес ескерту берілуі керек алайда бірден қатаң сөгіс берілген. Сондай-ақ 2019 жылғы 1 наурыздағы № 241-қа бұйрығымен қызметтік тексеру аяқтап, бірден мерзімінен бұрын келісім шартты аяқтайды. Аталған, «2019 әскери бөлімі» басшылық құрамы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңын өрескел бұзған деп есептеймін. Себебі, тәртіптік шара «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңын 53 бабаына сәйкес, ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, лауазымында бір сатыға төмендету, әскери атағын бір сатыға төмендету, теріс себептер бойынша әскери қызметтен босату түрлерін қолданады деп көрсетілген. Жоғарыда аталған заңның, 53 бабының 2 тармағына сәйкес, Осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерден басқа, мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне және әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттарына қатысты тәртіптік жазалардың мынадай түрлері қолданылады: 1 тармақшасы, әскери бөлім орналасқан жерден немесе корабльден жағалауға кезекті сейілге шығудан айыру; 2 тармақшасыга сәйкес, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың кеуде айырым белгісінен айыру. Заның 53 бабының 3 тармағына сәйкес Әскерге шақыру бойынша офицерлерге қатысты әскери атақты төмендету "кіші сержант" ("екінші дәрежелі старшина") әскери атағына дейін жүргізіледі. Бұл ретте осы әскери қызметші сержанттар (старшиналар) құрамына ауыстырылады және мерзімді қызметтің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін қызмет етеді. Сондай-ақ, Әскери қызметшiлер қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкiмшiлiк, азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауаптылықта болады деп көрсетілген. 2019 жылы қаңтар- ақпан айларында мерізімді жыл сайынға еңбек демалысыма қағаз жүзінде өтініш білдірдім. Алайда өтінішім қараусыз қалып бастықтың қоқыс жәшігіне жыртып тастады. Басшылық тарапынан, ҚР Еңбек Кодексіне сай заңдылықтар реттілігі сақталмай тұр. Себебі, ҚР Еңбек Кодексінің 92 бабының 2 тармағына сәйкес, жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды. «2020 әскери бөлімде» 2017-2018 жылдардың ақпан-наурыз айларында жыл сайынғы ақылы еңбек демалысыма шығып келгем. ҚР Еңбек Кодексінің 144 бабына сәйкес, Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі. Бұл ретте, ҚР заңдарына сәйкес, қызметшілер қызмет орын алмастырған жағдайда бұрын істеген жерінде қоса алғанда 12 ай болған жағдайда жыл сайынғы еңбек демалысын алуына кепілдік беріледі. Алайда, 2019 жылы әскери бөлімде техникалық қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары майор Махашев Марлен Талғатович өз тарапынан маған дөрекі сөйлеп, балағаттап, маған психологиялық тұрғыдан қысым жасалуына байланысты майор М. Махашовты балағаттауға мәжбүр болдым. Майор М. Махашов тарапынан психологиялық қысым болуына байланысты, балағатау фактісін негізге ала отырып, қызмет бабын асыра пайдаланып, әскери полиция шақыртып, әкімшілік хаттама толтырып, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты арқылы 2019 жылы 21 ақпанда № 4359-19-00-3/834 санды қаулысымен әкімшілік айыппұл салғызды. Бұл ретте, келісуге мәжбүр болдым, себебі қызмет бабында қалу үшін. Сонымен қатар, келісім-шарт негізінде әскери міндетімді өтеп жүрген уақытымда, әр түрлі себеппен қысым көрсете отырып, басқан қадамымды аңдып, себепсізден түрлі түсініктемелер алып, әр түрлі бұйрықтар шығарып мені келісім-шартымнан бұрын бір жарым күн ішінде келісім шарты мерізімінен бұрын бұзды. Жоғарыда аталған жағдайларға келеспеймін, себебі ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес, бір іс әрекетке бірнеше қайта тәртіптік шара көрілмейді. Осы орайда, «2019 –әскери бөліміні басшылық құрамы, ҚР заңдарын басшылыққа алмай өздерінің қызмет бабын асыра пайдаланып, қызметкерлерге түрлі бағытта бұйрық беріп, ар намысын таптау арқылы өрескел заң бұзушылықтарға жол беріп отыр деп есептеймін. Өзінің қызмет бабын пайданып, Майор М.Махашов қайта-қайта жиналыс өткізіп, жиналыс барысында маған тікелей ұжым алдында дөрекілік көрсетіп, мені қорқытып, жұмысқа деген ынта жігерімді түсіріп түрлі айыптаулар тағып, «Мені кім екенімді білесінба» деп түрлі сөзбен балағаттап, көпшілік алдында мені кемістіп ар –намысымның таптап ұжым алдында абройсыздыққа қалдырды. Сонымен қатар, мені және басқада қызметкерлергі қысым көрсетіп, түрлі балағаттау арқылы, өздерін балағаттады деумен әкімшілік хаттамалар толтырғызып заң бұзушлыққа жол беріп отыр. Мерекелік сыйақыдан алдын ала тәртіптік шара бұйрықтар шығарып қарамағындағы қызметткерлірге мерекелік сыйақылар берілмеуде. «2020 әскери бөлімде» және «Арнайы жасақ Арланда» келісім-шарт негізінде 11 жыл бойы әскери қызмет атқарған уақытымда қолданыстағы заң нормаларына сәйкес басшылыққа бағынып, жұмыстар атқардым. «2019 әскери бөлімде» меннің осы уақытқа дейін жетістіктерімді ескермеді. «Балық басынан шірейді» деген аталы сөз бар, Өзін дегенін істеп отырған, Мені сырттан алмасып келді деп қысым көрсетіп, қасақана түрде маған айыптаулар тағып жұмыстан босаты. Осы ретте, ҚР заңдарын қасақана бұзып отырған, мемлекеттік қызмет бабын асыра пайдаланып өз білгенін істетіп отырған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі «2019 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшылық құрамын және барлық қызметкерлерінің жұмыстарына қызметтік тексеру жүргізіп тәртіптік шаралар көрулеріңізді және қасақана мені мерзімінен бұрын келісім шартты бұзып жұмыстан босаттылған орыныма қайта орналастыруға ықпал жасауларыңызды сұраймын. Шағымданушы Т.Айтжанов Қызылорда қаласы, Шұғыла м/а № 32 үй, № 36 пәтер тұрғыны Айтжанов Талгат Буркитбаевичтен Тел: 87073066525 ЖСН: 901105300061
    Жауап күні:
    2019-03-19
    Жауап:
    Т. Айтжановқа Шұғыла м/а, №32 үй, №36 пәтер, Қызылорда қаласы Құрметті Талгат Буркитбаевич! Қызылорда облысының прокуратурасы Бас Прокурордың блогынан түскен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі «2019 әскери бөлімі» қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жөнінде өтінішіңізді қарау реттілігімен Бас әскери прокуратураға жолдады. Өтінішіңіздің қаралу нәтижесі сізге Бас әскери прокуратурасымен хабарланатын болады. Бұл жауаппен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Облыс прокуроры Х. Дәуешов Орынд. Ұ.Дәуқараев тел. 27-77-47
  • Сұрақ №: 48492
    Дата: 14.03.2019 16:22:53
    Аты-жөні: Рамазанова Айгуль
    Сұрақ:
    Саламатсыздарма! Мен Рамазанова Айгүл Амантайқызы. Менің хоум кредитке қарызым бар еді.Біраз уақыт төлей алмағандықтан өсім пайыздарын алып тастады.Жалақымның 50 % ай сайын ұстап тұрды.2017 жылы декреттік демалысқа шығып кеттім. Декреттік демалысқа шығар кезде есепшіден сұрадым. Енді банкке төлейтін қарызымды қалай төлеймін деп.Есепші менің декреттік демалысым бітіп,жұмысқа түскен кезімнен бастап қайтадан жалғастырып төлейтінімді айтты. 2018 жылдың сәуір айында жеке сот орындаушы Ержанаова Салтанат үйіме іздеп келіп, менің атыма рәсімделген OPEL Vectra 1993 ж автокөлік бар еді соны қамауға алуға бұйрық шыққанын айтты. Мен декреттік демалыста отырғанымды,жұмысқа түскен соң төлемді жалғастыратынымда Салтанат Ержановаға айтып ескерттім. Жарайды деп келісті. Бірақ автокөлікті суретке түсіріп алуымыз керек документтердің арасында суреті болу керек деп тұрып алды. Сосын көлік егін егіп жатқан жерде тұрған , сол жерге ертіп алып бардым.Сөйтсем Салтанат Ержанова көлікті суретке түсіріп алам деп алдағанын сол кезде түсіндім. Менің 6 балам және мүгедек балам бар ,мен осы көлікпен балаларым егіндікке қатынайды,күнкөрісім әзірге осы көлік деп шырылдап жылағаныма қарамастан .таныс милицияларын шақыртып көлікті егіннің басынан алып кетті. Ертеңіне айтқан мекенжайына іздеп бардым. Автакөлікті сатуға шығардық ертең бағалайтын адам келеді деп айтты. Жылап жүріп ақша іздеуге шықтым. Біреулерден қарыз,процент алып аздаған ақша тауып алып бардым. Барлық қарызым 426,000 тг,төрт жүз жиырма алты мың теңге екенін айтты.Бірақ менің қарызым ондай көп емес еді . Бұл сумманың қайдан шыққанын білмеймін. Менің тауып алып келген ақшам оған жетпейтінін айттым. Жартысын төлеп көлігімді қайтарып берулерін сұрадым. Зорға дегенде келісіп ,ақшаны мына есепшотқа салдырды. БИН/ИНН 840729402040,KZ75914152204KZ004KW КБЕ 19, «СБЕРБАНК» АҚ ҚФ, БИК(банк код) SABRKZA Ержанова Салтанат Ибрагимовнаның есеп шотына 325,900 тенге салдым. Енді қалған 100,000 тг, жүз мың теңгені 20,000 теңгеден 5 ай бөліп төлейтін болып келістік. Бірақ мен ол ақшаны да төлей алмадым. Бірақ Банкке хабарласып білгенімде барлығы 135554 тенге ғана түскенін білдім.Қалған 190,000 тенге қайда кетті? 2018 жылдың қазан айында бала күтіміне байланысты уақытым бітіп жұмысқа түстім. Бірақ Салтанат Ержанова барлық есепшотымды бұғаттап қойыпты. Алдына бірнеше рет барып жұмысқа түсіп жатырмын, есеп шоттарымды ашып беруін өтіндім. Бірақ ол кісі неше түрлі балағат сөздер айтып, есеп шотымды ашып бермеді. Сосын Прокуратураның көмегіне жүгінуіме тура келді. Сол кісілердің көмегімен есепшотым ашылды. Бірақ Салтанат Ержанова есеп бөліміне хат жолдапты. Қайтаратын 100,000 теңге және өзінің пайдасына қосымша 25,000 тг барлығы 125,000 теңгені еңбекақымның 50 % ұстап отыруды сұраған. 2018 жылдың Желттоқсан айыннан бастап айлығымның 50 % ұстап келеді. Желтоқсан айында Хоум банкке 14268 тг Салтанат Ержанованың пайдасына 3567 тг Барлығы:17835 тг ұсталды Қаңтар айында Хоум банкке 17175 тг Салтанат Ержанованың пайдасына 4567 тг Барлығы: 21742 тенге ұсталды Ақпан айында Хоум банкке 14268 тг Салтанат Ержанованың пайдасына 3567 тг Барлығы:17835 тг ұсталды Жалпы ұсталлған сумма : 57417 тенге Арыздануымның себебі: 1. Ержанова Салтанат Ибрагимоваға Автакөлігімді алдап ,мені жылатып алып кеткені үшін шара қолдануларыңызды сұраймын. 2.Ержанова Салтанаттың есепшотына аудартқан 325,900 теңгенің 135554 теңгесі ғана қарызымды қайтаруға түскен. Қалған 190,000 теңгенің қай жаққа кеткенін анықтап, сол сумманың өзіме қайтарылуын сұраймын. 3. Қалалық білім бөлімінің есеп бөліміне 100,000 теңге және өзінің пайдасына 25000 теңге төлеуім үшін хат жіберген. Сонда сот орындаушылар,борышкерден неше есе ақша алатын болған.Менің 6 балам және мүгедек балам бар.Қазіргі таңда сол сумманы менен айлық табысымнан ұстап отыр. Сол қаншалықты заңды екенін біліп берулеріңізді сұраймын. 4. Мені осыншалықты әуреге салып қойғаны үшін, өз қызметін асыра пайдаланғаны үшін Ержанова Салтанат Ибрагимоваға шара қолдануларыңызды сұраймын. Мен көп бабалы анамын менің осы мәселемді аз уақытта шешіп берулеріңізді сұраймын. Тел: 87051313471
    Жауап күні:
    2019-03-18
    Жауап:
    А.А. Рамазановаға Құрметті Айгуль Амантаевна! Сіздің жеке сот орындаушысы С.Ержанованың әрекеттерін тексеру туралы Қызылорда облысы прокурорының блогына түскен шағымыңыз «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 7-бабына сәйкес негізінен қарау үшін Қызылорда облысының Әділет департаментіне жолданды. Қаралу нәтижесі мен қабылданған шаралар туралы заңда көрсетілген мерзімде аталған Департаментпен хабарланатын болады. Заңның 12-бабына сәйкес лауазымды тұлғаның жауабымен келіспеген жағдайда, Сіз жоғарғы тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіреміз. Сонымен бірге «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес прокуратура органдарында: физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтары бұзылған; шектелмеген адамдар қатарының құқықтары бұзылған; адамдардың өмірі, денсаулығы немесе мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға байланысты өтініштер қаралатынын назарыңызға саламын. Қызылорда облысының прокуроры Х. Дәуешов орын.А.Кемалов, тел.27-02-01
  • Сұрақ №: 48409
    Дата: 03.03.2019 19:09:33
    Аты-жөні: Бақназаров Нұрхан
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор! Менің қозғайын деген сұрағым Жөлек ауылы туралы. 1. Жөлек ауылының тазалығы нашар. 2. Жөлек ауылының кіреберіс көпірі апаттық жағдайда. 3. Жөлек ауылын жарықтандырамыз электр бағаналарын әкелген. Соларды ауыл әкімі жоқ қылды. 4. Жеңістің 70жылдығына саябак ардагерлер суретін койып ескерткіш істетіп еді. Жок. 5. Спорт аланына күрделі жөндеуге акша болді жок. 6. Ауылдын ауыз суын жеке адамнан сатып алып беріп еді аудан әкімі. Қайтадан жекеге берді. 7. Мия тамырынан спорт комплекс соғып еді. Оны да жеке адам пайдаланып кетті. 8. Жөлек әкімдігіне барсан толған биржанын адамдары. Мамандары кайда. Сағат 6дан кейін адам таппайсын. Осы айтылған мәселерге кім жауап береді. Ауылға еге кім. Неге мемлекеттің қаражатына суға кете береді. Спорт комплекс ті халықтың жеріне соғады. Неге халыққа бермейді. Халықтың мал жайылым жері жоқ қазір. Ауылға неге жаны ашымайды. Ен болмаса мемлекеттің қаржысына қол сұқпаса деймін. Бұл арыз емес. Жай халықтың жан айқайы. Касына әкім өзінің сөзін сөйлейтін дерді жинап келген тексеруді кайтарады. Мал ұрлығы ұсталды. Тергеушілер малы ұрланған адамды тапканына куан деп. Ұрыны босатып жіберді. Ұры жүр ауылда тағы мал бар ма деп ауылда.
    Жауап күні:
    2019-03-15
    Жауап:
    Н.А. Бақназаровқа Жөлек ауылы, Шиелі ауданы Қызылорда облысы Құрметті Нұрхан Аманұлы! Сіздің, Қызылорда облысы прокурорының блогына орналастырылған Шиелі ауданы, Жөлек ауылындағы мәселелер туралы өтінішіңіз қаралып, төмендегіні түсіндіремін. 14.07.2017ж. күшіне енген «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес прокуратура органдарында өтініштерді қарау тәртібі өзгерді. Заңның 6, 7 және 21 баптары бойынша прокуратура заңдылықты бұзушылықтар не олардың басталу қауіпі туралы үш категория тұлғаларға қатысты өтініштерді қарайды. Атап айтқанда: 1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдар; 2) шектелмеген адамдар қатары; 3) адамдар, қоғам және мемлекет, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуы қажет болса. Сонымен қатар осы тұлғаларға қатысты өтініштер келесі жағдайда ғана қаралатын болады: 1) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты бұзушылықтарға жол берілген болса; 2) құзыретіне өтініште қойылған сұрақтарды кіретін органның не оның лауазымды адамдарының қызметіндегі мүдделер қақтығысы болса; 3) өтінішті қарау құзыретіне кіретін органның не оның лауазымды адамының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым себеп болса. Жоғарыдағылардың негізінде сіздің өтінішіңіз негізінен қарау үшін Қызылорда облысы әкімдігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментіне, Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жолданды. Өтінішіңіздің қаралу нәтижесімен қабылданған шаралар жөнінде аталған органдардан білуіңізге болатындығын хабарлаймын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 8 бабына сәйкес, сіз бұзылған немесе даулы құқықтарыңызды, бостандықтарыңызды немесе заңды мүдделеріңізді қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылысыз. Бұл жауаппен келіспеген жағдайда, көшірмесін тіркеп жоғары тұрған прокурорға және сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Облыс прокуроры Х. Дәуешов орын. Б.Жанадилов тел. 7242304
  • Сұрақ №: 48379
    Дата: 28.02.2019 16:49:12
    Аты-жөні: Әбтіхалықова Марал
    Сұрақ:
    Мен Әбтіхалықова Марал сізден кеңес сұрайын деп едім. Мен 2007 жылдың 5 наурызында бюджет мекемесінде жұмыс жасайтындарға тұрғын үй алу кезегінде тіркелгенмін. Алайда 2013 жылы туысқан ағам өз үйін сыйға беру арқылы менің атыма аударды. Енді мені тұрғын үй алу кезегінен алып тастай ала ма? Менің естігенім сыйға беру арқылы алынған үй болса, мен тұрғын үй кезегінен алынбайды екенмін. Қазіргі таңда көп балалы анамын.Жолдасым жұмыссыз. Менің осы сұрағыма жауап беруіңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    2019-03-04
    Жауап:
    М.Б. Әбтіхалықоваға Құрметті Марал Бердалықызы! Сіздің Бас Прокурордың блогына жазған тұрғын үй мәселесі туралы өтінішіңізді облыстық прокуратура қарап, төмендегіні түсіндіреді. «Прокуратура туралы» Заңның 6, 7 және 21 баптары бойынша прокуратура заңдылықты бұзушылықтар не олардың басталу қауіпі туралы үш категория тұлғаларға қатысты өтініштерді қарайды. Атап айтқанда: 1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдар; 2) шектелмеген адамдар қатары; 3) адамдар, қоғам және мемлекет, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуы қажет болса. Сіз көрсетілген категориядағы адамдар қатарына жатпайсыз және бұл мәселені қарау жергілікті атқарушы органдардың құзырына кіреді. Жоғарыдағылардың негізінде сіздің арызыңыз негізінен қарау үшін Қызылорда облысы әкімінің аппаратына жолданды. Өтінішіңіздің қаралу нәтижесі жөнінде аталған орган жауап беретінін хабарлаймын. Бұл жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Қызылорда облысының прокуроры Х. Дәуешов орын. Ч.Есжанов тел. 272896
  • Сұрақ №: 48352
    Дата: 25.02.2019 20:48:41
    Аты-жөні: Жанахаев Нурсултан
    Сұрақ:
    Қызылорда облысының Прокуроры Х. З.Дәуешовке Шағым Осы арызым арқылы төмендегі жайды хабарлай отырып, басқарманың құзыры шегінде төменде көрсетілген мемлекеттік органға шара көруіңізді сұраймын. Қызылорда қаласы әкімдігі, «Қызылорда қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі менің Қызылорда қаласы, Үбісұлтан Аяпов көшесінде орналасқан жер учаскелерімнің (кадастрлық №10-156-031-2785, №10-156-031-2786 үстіне автомобиль жолы мен көше жарығы бағаналарының құрылыс жүргізіп, орналастырып, менің конституциялық құқығыма нұқсан келтіріп отыр. Жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша игеру мақсатында жер учаскесінің нақты шекарасын анықтау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалына 2018 жылдың 27 шілдесінде өтініш беріп, аталған ұйым тарапынан 2018 жылдың 27 тамызында №04-12-10-78/1930 нөмерлі хатпен маған жауап берілді (қоса жалғанды). Жауапта маған автомобиль жолы мен көше жарығы бағаналары менің жер учаскелеріммен қабаттасып түскенінің анықталуына байланысты жергілікті атқарушы органға – яғни, Қызылорда қаласының әкімдігіне хабарласу сұралған болатын. Осыған байланысты автомобиль жолы құрылысы мен көше жарығы құрылысына жауапты мемлекеттік орган, яғни «Қызылорда қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2018 жылдың 18 қыркүйекте өтініш білдірдім. Өтініште, автомобиль жолы мен көше жарығы бағаналары менің жер учаскелеріммен қабаттасып түсуіне байланысты тиісті шешім қабылдау, яғни менің жер учаскелеріммен автомобиль жолы мен жарық бағаналарының қабаттасқан бөлігін босатуды сұрадым. Алайда заңда белгіленген мерзімінде жауап бермеді (жауаптар қоса жалғанды). Осыған орай, жоғарыда аталған мемлекеттік органға (басшысы мен тиісті маманға) жер заңнамасын бұзуына байланысты қолданыстағы заңға сәйкес тиісті шара көріп, қолданылған шаралар туралы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген мерзімде ресми жауап беруіңізді сұраймын. Шағымданушы Н. Жанахаев Қызылорда қаласы, Досан Елеусинович көшесі. №137 үй тұрғыны
    Жауап күні:
    2019-03-06
    Жауап:
    Н.Ф. Жанахаевқа Елеусинов көшесі, 137 үй Қызылорда қаласы Құрметті Нурсултан Февралович! Сіздің, Қызылорда облысы прокурорының блогына орналастырылған Қызылорда қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен заңсыздыққа жол берілгені, жауапты тұлғаларға шара көруді сұраған өтінішіңіз қаралып, төмендегіні түсіндіремін. 14.07.2017ж. күшіне енген «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес прокуратура органдарында өтініштерді қарау тәртібі өзгерді. Заңның 6, 7 және 21 баптары бойынша прокуратура заңдылықты бұзушылықтар не олардың басталу қауіпі туралы үш категория тұлғаларға қатысты өтініштерді қарайды. Атап айтқанда: 1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдар; 2) шектелмеген адамдар қатары; 3) адамдар, қоғам және мемлекет, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуы қажет болса. Сонымен қатар осы тұлғаларға қатысты өтініштер келесі жағдайда ғана қаралатын болады: 1) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты бұзушылықтарға жол берілген болса; 2) құзыретіне өтініште қойылған сұрақтарды кіретін органның не оның лауазымды адамдарының қызметіндегі мүдделер қақтығысы болса; 3) өтінішті қарау құзыретіне кіретін органның не оның лауазымды адамының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым себеп болса. Жоғарыдағылардың негізінде сіздің өтінішіңіз негізінен қарау үшін Қызылорда қаласы әкімдігіне жолданды. Өтінішіңіздің қаралу нәтижесімен қабылданған шаралар жөнінде аталған органдардан білуіңізге болатындығын хабарлаймын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 8 бабына сәйкес, сіз бұзылған немесе даулы құқықтарыңызды, бостандықтарыңызды немесе заңды мүдделеріңізді қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылысыз. Бұл жауаппен келіспеген жағдайда, көшірмесін тіркеп жоғары тұрған прокурорға және сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Облыс прокуроры Х. Дәуешов орын. Б.Жанадилов тел. 7242304

Беттер