Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 48348
    Дата: 25.02.2019 02:16:31
    Аты-жөні: Алиакбарова Мөлдір
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба. Көліктің егесіне Сотқа шақырту келмей, оның қатысуынсыз шешім шығарып көлікті басқару құжатынан 5 жылға айыру заңды ма. Рахмет
    Жауап күні:
    2019-03-05
    Жауап:
    Құрметті Мөлдір Ерланқызы! Қызылорда облысының прокуратурасы Сіздің әкімшілік іс бойынша көліктің егесі сотқа шақыртылмай, оның қатысуынсыз шешім шығарып көлікті басқару құқығынан бес жылға айыру заңдылығы туралы сұраған өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 744-бабының 3-бөлігіне сәйкес, көлiк құралдарын басқару құқығын айыру түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның қатысуы мiндеттi емес болып табылады. Дегенмен, қабылданған сот қаулысымен келіспеген жағдайда осы Кодекстің 830-бабының 1-бөлігімен сәйкес, соттың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам шағымдануға құқылы егендігі түсіндіріледі. Жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Қызылорда облысының прокуроры Х.З. Дауешовке
  • Сұрақ №: 48211
    Дата: 14.02.2019 13:54:03
    Аты-жөні: Каримов Руслан
    Сұрақ:
    26.03.2017 жылы жергілікті уақыт 15:00 минут шамасында өзімнің басқаруымдағы «Toyota Саmrу» маркалы м/б 971 ЕНА 11 автокөлігін Қызылорда қаласы, Қожа Ахмет Яссауи көшесінің бойымен басқарып келе жатырып, Шұғыла көлік жуу орталығы тұсында жол жиегінде орналасқан жол бетінде орналасқан бүдірді айналып өтпекші болып, қарсы бағытта келе жатқан азамат К.Абилдаевтың басқаруындағы «Audi А6» маркалы м/б 035 АОА 11 автокөлігімен соқтығыстым. Осыған байланысты сол күні 26.03.2017 жылы жергілікті уақыт 19:00 минут шамасында полиция қызметкерлерімен менің автокөлігім айып тұрағына сақтау үшін тапсырылып, өз кезегінде айып тұрағы бойынша сол күнгі кезекші "Қызылорда тазалығы" ЖШС-нің қызметкері Н.Менлибаевпен қабылданып алынды. Мен автокөлігімді тапсырған кезде тек қана автокөліктер соқтығысу салдарынан алдыңғы жағы деформацияланған болатын, соктығысу барысында автокөліктер өртенген жоқ. Алайда, 02.04.2017 жылы сағат 15:00 минут шамасында полиция қызметкерлерінен автокөлігім айып тұрағында өртенгендігі туралы хабарлама келді. Хабарды ести жедел түрде айып тұрағына жеткенімде «Audi А6» маркалы м/б белгісіз автокөлігі өртеніп соның салдарынан жанында тұрған менің «Toyota Саmrу» маркалы м/б 971 ЕНА 11 автокөлігім өртеніп кеткеніне көзім жетті. Сол жерде полиция қызметкерлеріне "Қызылорда тазалығы" ЖШС-нің үстінен арызданған болатынмын. Талон хабарлама 02.04.2017 жылы №174310035002481 Жоғарыда аталған дерек бойынша 02.04.2017 жылы ҚР ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне №174310031001983 реттік санымен тіркелген. Алайда осы қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылатын азаматтар анықталғанымен және де дәлелдеме ретінде сол уақытта түсірілген бейнебақылау ұсынылсада, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының сылбыр қимылы әсерінен қазіргі таңға дейін, яғни 2 жыл ішінде ешқандай нәтиже жоқ, іс сотқа жетпей маған келтірілген шығын өндірілген жоқ.Бұл қылмыстық іс бойынша Қызылорда қаласы прокуратурасына және Қызылорда облысы прокуратурасына да шағымданғанымен ешқандай өзгеріс алып келген жоқ. Жоғарыда көрсетілген деректерге сүйене отырып, Сізден осы мәселенің ақ-қарасын жедел түрде шешіп жауап беруіңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    2019-02-15
    Жауап:
    Қызылорда қаласының прокуроры А. Бекмұхановқа Р. Каримовқа Қызылорда қаласы Негізінен қарап, тиісті шешім қабылдау үшін Р.Каримовтың арызы жолданады. Қабылданған шешім жөнінде арыз иесіне және облыстық прокуратураға 28.02.2019ж. кешіктірмей хабарлауды тапсырамын. Екінші мекен-жайға мәлімет ретінде. Қосымша: мәтін бойынша 1 парақта (мемлекеттік тілде). Облыс прокурорының міндетін атқарушы Т. Әлібаев Орын. А. Жаппасбаев тел. 27-77-47
  • Сұрақ №: 48198
    Дата: 12.02.2019 19:46:49
    Аты-жөні: Кожагелдиев Махсад
    Сұрақ:
    Шағым Мен Кожагелдиев Махсад Сеилбекулы 2018 жылы шілде айында өз жеке куәлігімдегі және туу туралы куәліктегі Кожагелдиев Махсад Сеилбекулы деген аты-жөнімді өзіміздің ата салтымызбен Қожагелді Мақсат Сеилбекұлы деп түзету үшін Қызылорда қаласындағы Азаматтарға араналған Үкіметке бардым, Ондағы мамандар, Қалалық Ішкі істер басқармасындағы Көші қон полициясына барыңыз деп жөн сілтеді. Қалалық Ішкі істер басқармасындағы Көші қон полициясы ішіндегі полиция майоры Дилерия, Қызылорда қалалық АХАЖ бөліміне барып акті және Ахаждың қорытындысын әкел деп жіберді. Қызылорда қалалық АХАЖ бөлімі менен арыз жаздырып алып Өзбекстан Республикасына жолдаймыз деді. Алайда қалалық АХАЖ бөлімі менің өтінішіме ешқандай талон не арыз қабылдап алып қалғаны жөнінде еш нәрсе бермеді. Сондай-ақ Қалалық Ішкі істер басқармасы басшысының атынада шілде айында өтініш білдірдім.Алайда ешқандай жауап не талон бермеді. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 9 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес, арыз берушiлерге олардың өтiнiштерi өздерiнiң құзыретiне сәйкес басқа субъектiлерге немесе лауазымды тұлғаларға қарауға жiберiлгенi туралы хабардар етедi деп көрсетілген. Алайда маған осы күнге дейін қалалық Ахаж бөлімі не қалалық ішкі істер басқармасынан ешқандай жауап бермеді. Сонымен қатар, Қалалық Ішкі істер басқармасындағы Көші қон полициясы ішіндегі полиция майоры Дилерия, Қызылорда қалалық АХАЖ бөлімінің басшысына орынбасары және мамандары алдарына барсам дөрекілік көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 4 бабының 4 тармақшасын сәйкес, өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу деп көрсетілген заң нормасы орындалмай мені күнде әуре сарсаңға салып отыр. Осы ретте, Өз тараптарыңыздан лауазымды тұлғалар мен жауапты мамандарға қызметтік тексеру жүргізіп, тәртіптік шарасын көріп, Кожагелдиев Махсад Сеилбекулы деген аты-жөнімді өзіміздің ата салтымызбен Қожагелді Мақсат Сеилбекұлы деп өзгертуге ықпал жасауларыңызды сұраймын. Шағымданушы М. Кожагелдиев
    Жауап күні:
    2019-02-20
    Жауап:
    М.С. Кожагелдиевке Ақмаржан м/а, Ақмаржан көшесі, 1 үй Қызылорда қаласы Құрметті Махсад Сеилбекулы! Сіздің, Қызылорда облысы прокурорының блогына орналастырылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы мен Қызылорда қалалық азаматтық хал актілері бөлімімен заңсыздыққа жол берілгені, аты-жөніңізді ауыстырып беруге ықпал жасауды сұраған өтінішіңіз қаралып, төмендегіні түсіндіремін. 14.07.2017ж. күшіне енген «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес прокуратура органдарында өтініштерді қарау тәртібі өзгерді. Заңның 6, 7 және 21 баптары бойынша прокуратура заңдылықты бұзушылықтар не олардың басталу қауіпі туралы үш категория тұлғаларға қатысты өтініштерді қарайды. Атап айтқанда: 1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдар; 2) шектелмеген адамдар қатары; 3) адамдар, қоғам және мемлекет, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуы қажет болса. Сонымен қатар осы тұлғаларға қатысты өтініштер келесі жағдайда ғана қаралатын болады: 1) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты бұзушылықтарға жол берілген болса; 2) құзыретіне өтініште қойылған сұрақтарды кіретін органның не оның лауазымды адамдарының қызметіндегі мүдделер қақтығысы болса; 3) өтінішті қарау құзыретіне кіретін органның не оның лауазымды адамының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым себеп болса. Жоғарыдағылардың негізінде сіздің арызыңыз негізінен қарау үшін Қызылорда қалалық полиция басқармасына және Қызылорда қаласы әкімдігіне жолданды. Өтінішіңіздің қаралу нәтижесімен қабылданған шаралар жөнінде аталған органдардан білуіңізге болатындығын хабарлаймын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 8 бабына сәйкес, сіз бұзылған немесе даулы құқықтарыңызды, бостандықтарыңызды немесе заңды мүдделеріңізді қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылысыз. Бұл жауаппен келіспеген жағдайда, көшірмесін тіркеп жоғары тұрған прокурорға және сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Облыс прокуроры Х. Дәуешов орын. Б.Жанадилов тел. 7242304
  • Сұрақ №: 47897
    Дата: 12.01.2019 03:38:01
    Аты-жөні: Сарбалаев Руслан
    Сұрақ:
    Курметти облыс прокуроры!Мен Шиели ауданынын полиция болиминде жумыс истеймин.2018 жылдын декабрь айында Ровд нын 10-шакты жигиттери айлык алган жок жане де осы уакытта дейн аудармай кредиттер просрочка болып пениясы куннен кунге урып жатыр.Бул жонинде болим бастыгына бирнеше рет айтылган бирак еш амал колданбай жауапсыз отыр.Осы маселени жан жакты тексерип шешип берулеринизди сурайм.
    Жауап күні:
    2019-01-16
    Жауап:
    Р.К. Сарбалаевқа Құрметті Руслан Карабалаұлы! Сіздің айлық жалақыңызды өндіру туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына жазған өтінішіңіз «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның 7-бабының 6-тармағына сәйкес Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасына және Қызылорда облыстық полиция департаментіне жолданды. Нәтижесі Сізге аталған органдармен жауап беріледі. Бұл жауаппен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Облыс прокуроры Х. Дәуешов орын.А.Сыздыков тел.272896
  • Сұрақ №: 47870
    Дата: 10.01.2019 15:53:46
    Аты-жөні: Бақназаров Нұрхан
    Сұрақ:
    2017 жылы ауылдың бес адамы яғни мен Бауыржан, Нұржан, Алмасхан, Антай бірігіп спорт комплекс соғамыз деп ауыл әкімі Базарбекпен келістік. Бірақ соққан спорт комплекс соғып бесеумізден басқа адамның болуын сұрадық, келісті. Кейіннен спорт комплекс соғылып тұрған кезде арамыздағы Бауыржан атына құжаттары дайындалғанның естідік. Ауыл әкімі екеуі келісіп Бауыржанға дайындап болғаннан кейін айтып отыр. Осы дұрыс па? Біздің келісімінсіз қалай береді? Заңға қайшы емес пе? Осыны анықтап беруіңізді өтінемін.
    Жауап күні:
    2019-01-16
    Жауап:
    Н.А.Бақназаровқа Шиелі ауданы, Қызылорда облысы Құрметті Нұрхан Аманұлы! Менің блогыма түскен сіздің Бауыржан есімді азаматтың атына спорт кешенінің рәсімделу заңдылығын анықтап беру туралы арызыңызды қарап, төмендегіні хабарлаймын. Өтініштің мазмұнына қарағанда, сіздер 2017 жылы бес адам болып (сіз, Бауыржан, Нұржан, Алмасхан, Антай) соққан спорт кешені сіздердің келісімдеріңсіз Бауыржанның атына рәсімделген, яғни араларыңызда азаматтық-құқықтық қатынастармен реттелетін дау туындаған (ауызша немесе жазбаша келісім бойынша міндеттемелерді орындамау). Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 23-бабының 2-бөлігіне сәйкес, азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер қатынастарынан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қою ісін жүргізудің азаматтық істері соттардың ведомстволығына жатады. Бұл ретте, сіз құқықтарыңыз бұзылған деп есептеген жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тиісті арызбен сотқа жүгінуге құқылысыз (Азаматтық процестік кодексінің 8-бабы). Осы жауаппен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Қызылорда облысының прокуроры Х. Дәуешов Орынд.А.Ескараев Тел.27-77-47

Беттер