Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 50386
    Дата: 25.08.2019 13:10:50
    Аты-жөні: Маханбет Алмасбек
    Сұрақ:
    Құрметті облыс прокуроры. Сізден өтінеріміз. Бала біздің болашағамыз балалардың обалына диплом сатып алғандар қалып жүр. ШӘПУ ді Шымкенттен диплом алғандар 80 пайызы сатып алғандар. үйлерінде отырып диплом алғандар. Қызылорда қаласында сатып жатқандарды ұстап алған. Осыны білім басшысы М.Т. Мелдебековаға айтып қатаң қарауыңызды өтінеміз. себебі қаншама жас маман жұмыс таппай сенделіп жүр. Диплом сатып алу қылмыс емес пе. Сізді әділ басшы ретінде білеміз. Шиелі ауданы тұрғындары.
    Жауап күні:
    30.10.2019 - 17:31
    Жауап:
    Сіздің педагог қызметкерлердің біліктілігіне қатысты пікіріңіз бойынша төмендегіні түсіндіремін. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 4)тармақшасына сәйкес, өтініш - өтiнiштi қарайтын субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу болып табылады. Сондықтан сіз жазбаша өтініштерге қойылатын заң талаптарын сақтай отырып, уәкілетті мемлекеттік органдарға сіздің жағдайда, Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау басқармасына және Қызылорда облысының білім басқармасына өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
  • Сұрақ №: 50345
    Дата: 19.08.2019 19:49:50
    Аты-жөні: Мырзабек М
    Сұрақ:
    Құрметті облыс прокуроры. Жөлек ауылының мәдениет үйінде көп ақшаға ремонт жүргізілді. Сол кезде клуб бастығы Бәйімбетов Ержан әйелі Маринаны қарауыл қойып барлық материалдарды үйіне тасып алды. Жаңа үй соғып алды. қалғанын сатты. әйелі қарауыл болып істеуге бола ма. сыбайлас емес пе. қазір жұмыста болмайды. тегін айлық алып жүр. өтірік құжаттарды толтырып клубтын ақшасын қалтасына басып жатыр. концерт ешнәрсе болмайды. Әкімнен сыбайласып екеуі туысқан білгендерін істеп жүр. Әкім қайда жүрсін деп сұрамайды. Оданда ауылда жұмыс істейтін Еркінбек деген жасты қойғымыз келеді. Бәйімбетовтің клуб жеке үйі сияқты.
    Жауап күні:
    30.10.2019 - 17:24
    Жауап:
    Сіздің Шиелі ауданы, Жөлек ауылының мәдениет үйіне қатысты және бірқатар лауазымды тұлғалардың әрекеті жөніндегі пікіріңіз бойынша төмендегіні түсіндіремін. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 4)тармақшасына сәйкес, өтініш - өтiнiштi қарайтын субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық құжат, бейнеконференц байланыс, бейне өтініш нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу болып табылады. Сондықтан сіз жазбаша өтініштерге қойылатын заң талаптарын сақтай отырып, уәкілетті мемлекеттік органдарға сіздің жағдайда, Қызылорда облысының ішкі мемлекеттік аудит және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменттеріне өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
  • Сұрақ №: 50256
    Дата: 06.08.2019 18:12:59
    Аты-жөні: Сегізбаев Ерболат
    Сұрақ:
    Прокурорға. Облыс әкіміне Жөлек ауылының әкімі Сахов Базарбек халықтың 300 гектар жерін ауылдын тамыр теретіндеріне беріп. халыққа спорт комплекс соғып береміз. спорт комплекс ешкімнің атына кетпейді. мемлекеттің атында болады деп уәде берген. кейін біткесін туысқан рулас інісі абызбаевқа Бауыржанға ешкімнің келісімінсінсіз қоғамдастыққа сыртынан өздері өтірік хаттама толтырып жекесіне беріп жіберді. Себебі Абызбаевпен сыбайлас қандай тексеру қандай мейрам жәрменке болсын Абызбаев демеушілік жасап жауып беріп отыр. Ақша төлейтін жерді Абызбаев төлейді. Ауылда Абызбаевтарға зеленый тамырда тереді. әкім сөзін сөйлеп отыр. келгелі ешкандай жұмыс жоқ . үйінде жатып жалғызбасты кәрі өліп қалып жатыр. оған көмек жасайтын әкім емеспе. көмек жасамақ түгілі үйіндегі дүниелерін сатып көмді. ауылдың жастарына ешқандай жағдай жасалмаған. дым жоқ. шеккендері калян. ішкендері арақ. тірлік істеймін деген жастардың жолын кеседі. тамырды тек абызбаевтар теру керек пе. бәрі көзбояушылық құрметті облыс прокуроры. облыс әкімі.
    Жауап күні:
    30.10.2019 - 17:28
    Жауап:
    Сіздің Шиелі ауданы, Жөлек ауылы әкімінің әрекеттері және осы ауылдың 300 га жерінің заңсыз табысталуына қатысты пікіріңіз бойынша төмендегіні түсіндіремін. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес, өтініш - өтiнiштi қарайтын субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу болып табылады. Сондықтан сіз жазбаша өтініштерге қойылатынын заң талаптарын сақтай отырып, уәкілетті мемлекеттік органдарға сіздің жағдайда, Қызылорда облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасына және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
  • Сұрақ №: 50158
    Дата: 19.07.2019 23:06:24
    Аты-жөні: Алдабергенова Айжан
    Сұрақ:
    Сәлеметсіз бе ? Мен Жаңақорған ауданы Сунақата ауылының тұрғыны борышкер Жауенов Бауыржан Абдиразақұлынан алимент ала алмай жүргеніме 10 жыл болды. Сот бұйрығы мен алимент алу жөніндегі арызымды алып Жаңақорған аудандық жеке сот орындаушысы Мейірбекова Нұрсаулеге барғанмын , Нәтижесі жоқ . Сондағы себеп : борышкерді үйінен таппадық дейді . Маған " сіз көршілерінен сұраңыз, көршілерінен үйінде жүр деген қолжазба алып келіңіз " дейді . Борышкер Жауенов Бауыржан Сунақата ауылында тіркелген , үйінен табылмаса осылай тоқтатып , жаба салуға бола ма ? Қазақстан Республикасы территориясында жүрген борышкерді қалай табуға болады ? Жеке сот орындаушылары өз ісіне неге жауапсыз қарайды ? Неге аудандық ішкі істер бөлімі арқылы іздемеске ? Борышкерді кім тауып береді маған ? Мен жеке детектив жалдап табуым керек па ? Алиментті қалай өндіріп алуыма болады ? маған көмек берсеңіз , өтініш.
    Жауап күні:
    30.10.2019 - 17:34
    Жауап:
    Сіздің жеке сот орындаушының әрекетсіздігі жөнінде пікіріңіз бойынша төмендегіні түсіндіремін. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 4)тармақшасына сәйкес, өтініш - өтiнiштi қарайтын субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық құжат, бейне конференц байланыс, бейне өтініш нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу болып табылады. Сондықтан сіз жазбаша өтініштерге қойылатын заң талаптарын сақтай отырып, уәкілетті мемлекеттік органдарға сіздің жағдайда, Қызылорда облысының әділет департаментіне өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
  • Сұрақ №: 50026
    Дата: 02.07.2019 21:55:56
    Аты-жөні: Мырхиева Жадыра
    Сұрақ:
    Сізге қайталама арыз жазуымның себебі, 02.07.2019 жылы Қызылорда облыстық прокуратурасының ғимаратындаға кезекші прокурордың қабылдауында болған жағдай. Кезекші прокурордың нұсқауымен азаматтарды қабылдау бөліміндегі алимент өндіру барысын қадағалайтын облыс прокурорының аға көмекшісіне жолықтым. Сіз басқарып отырған прокуратура саласынан дәл ондай жағдайды күтпедім. Сырдария аудандық сотының шешіміне сәйкес , алимент өндіру жұмыстарында Заң бұзушылықтардың болып жатқанын жеткізгім келсе де , прокурор мырза борышкер мен жеке сот орындаушыны (Әрі қарай - ЖСО) қорғаумен болды. 2018 жылдың тамыз айында борышкер А. Жұмабеков жұмыссыз жүрсе де ЖСО М. Абдиев өз міндетін орындамады. ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» (Әрі қарай- Заң) ҚР Заңының 99 бабы-3 тармағына сәйкес «Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс істемеген немесе оның жалақысын және өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда,алимент бойынша берешек оны өндіріп алу кезінде ҚР орташа айлық жалақы мөлшері негізге ала отырып айқындалады» деген Заң талабын түсіндіруге оқталғаныммен аға прокурор «Олай есептелмейтінін, жұмыс жасамаса қалай төлейді? » деп борышкерге қатты жаны ашып отырды. Сонымен қатар , ЖСО М. Абдиевты жақсы танитынын және де оның 2500 аса атқару өндірісі барын айтып, қорғап отырды. 02.07.2019 жылы өзіңізге жазған арыздағы талаптарды түсіндіруге мүмкіндік бермеді. Ауық –ауық ашуға булығып, талаптарымды толық жеткізе алмастан, негізгі талаптарымды қағаз бетіне түсірумен қайттым. Заңды бұзып тұрған маманды қорғап, борышкердің жағдайын ойлап, менің Заң талаптарын түсіндіргім келгенін елемей тұрған аға прокурордың әрекетіне қатты ызаланып, көзімнен жас шыққанын да жасырмаймын. Қызылорда облыстық прокуратурасының сайтымен таныса келе , мені қабылдап, ЖСО мен борышкерге кір жұқтырғысы келмеген аға прокурор Байқоңыр қаласының прокуратурасын басқарып келгенін және де не үшін? ЖСО мен борышкерді қорғаштап отырғанын түсіндім. А. Жұмабековтен алимент өндіру туралы атқару құжатын Заң шеңберінде тексеретін болса көптеген Заң бұзушылықтарды анықтауға болады. Сот актісінің орындалуына бақылау жасау, ЖСО атқарушылық әрекет жасау барсында ҚР Заң талаптарының сақталуын қадағалау Әділет органдары функцияларына жататыны белгілі. Бұған дейінгі алимент өндіру жұмыстары бойынша қаншама Заң бұзушылықты дәлелдеп бергенімнің өзінде Әділет Департаменті өз қызметкерлерін «судан таза, сүттен ақ етіп» көрсеткен. Заң бұзушылықтарына сәйкес ешқандай тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған. Сол себепті, Әділет органдарына деген сенімім болмағандықтан, Облыстық прокуратура қызметкерлеріне үлкен үмітпен барып, көп ұзамай үмітімнің өшкенін де жасыра алмаймын. Сонымен қатар, облыстық прокуратурада интернеттің дамыған заманында Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы құқығы бұзылған азаматтардың мәселесін шешіу жолдары қарастырылмағандығын аңғардым. 26.06.2019 жылы өзімнің Фейсбук парақшама жазылған өтінішім мүлдем прокуратура органымен қаралмаған. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік желі арқылы халыққа жақын болу керек емес пе еді? Басқа Министрлік, облыс департаменттері т.б салалардағы мәселенің барлығы осы әлеуметтік желі арқылы азаматтардың өтініштері қанағаттандырылып жатқанын білетін боларсыз. Жоғарыдағылардың негізінде және Сіздің атыңызға 02.07.2019 ж жазылған арызымды жеке қадағалауыңызға алып, өз міндеттеріне салғырттық танытқан мамандардың жауапкершілігін қарауыңызды сұраймын. 6 ай бойы ЖСО Заң шеңберінде жұмыс жасау керектігін мен жеткізе алмасамда, Сіздің араласуыңызбен мәселенің оң шешімін табылуына Заң шеңберінде қолдау көрсететініңзге сенімдімін.
    Жауап күні:
    15.11.2019 - 18:24
    Жауап:
    Құрметті Жадыра Багдатовна! Сіздің алимент өндіру барысында жеке сот орындаушының әрекеттеріне қатысты шара көруді сұраған өтінішіңіз қаралды. «Прокуратура туралы» Заңның 21-бабының 1-тармағына сәйкес прокуратура органдары өтініштерді орны толмас зардаптар (адамдардың өміріне, денсаулығына және еліміздің қауіпсіздігіне), сондай-ақ шектелмеген адамдар қатарының немесе өзін дербес қорғай алмайтын (физикалық, психикалық және өзге жағдайлар) адамдардың құқықтарының бұзылуы жағдайларында қарайды. Осыған орай Сіздің өтінішіңіз «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармағына сәйкес негізінен қарау үшін Қызылорда облыстық Әділет департаментіне жолданды. Қаралу нәтижесі туралы заңда көрсетілген мерзімде аталған органмен хабарланатын болады. Бұл жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.

Беттер