Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 49988
    Дата: 28.06.2019 15:42:29
    Аты-жөні: Кезенова Бақытгүл
    Сұрақ:
    Құрметті Бижанов Нұрлан Дəуренұлы! Мен Кезенова Бақытгүл Қажықамитқызы инстаграмдағы жарнама арқылы алтын сатып алуға тапсырыс берген едім.Қызылорда облысында тіркелген ИИН 830725402334 Сапарбаева Рая Лесбековна деген азаматша өзінің жеке куəлігінің суреті мен киви əмиянының осы 7471578692 номерын жіберді. Жарты ақшасын алдын-ала төлем жасаңыз, қалғанын алтын курьермен 5 күнде келеді, сол кезде төлем жасайсыз деді.24.04.2019 ж. мен Сапарбаеваның киви əмиянына 20 000 теңгені аудардым, ақшаңыз түсті , алтынды күтіңіз деді.Бірақ ешқандай алтын келмеді.Хабарлассам инстаграмдағы аккауынтын өшіріп, мені бұғаттап қойды.Сол кезде алаяққа тап болғанымды түсіндім.Қолымда ақша аударған түбіртек, инстаграмнан дайрект арқылы жазысқан жазбалар барлығы сақталған. Мені алдады,тағы талай адамды алдап жүр.Осы Сапарбаева Рая Лесбековнаны тексеріп, алаяқтығымен алдап аудартқызған ақшамды қайтартқызуға көмек көрсетуіңізді өтінемін.Алдын-ала рахмет! Менің номерым 87021941230
    Жауап күні:
    08.11.2019 - 11:02
    Жауап:
    Құрметті Бақытгүл Қажықамитқызы! Сіздің арызыңыз бұған дейін құқық қорғау органдарына түспеген. Сол себепті, Сіздің арызыңызда көрсетілген мәнжайларды тексеру үшін қалалық прокуратурамен 08.11.2019 ж. Қызылорда қалалық полиция басқармасына жолданды.
  • Сұрақ №: 49915
    Дата: 16.06.2019 18:10:15
    Аты-жөні: Ургенишбеков Айтмаганбет
    Сұрақ:
    Қызылорда қаласы Сырдария мөлтекауданы 20 үйдің шығыс және батыс бетінде, үйіміздің дәл жанында бетондалған жабық түрдегі тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған арнайы 2 орын болатын. Осы 2019 жылдың маусым айында осы мөлтекаудандағы барлық жабық түрдегі тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған арнайы орындар бұзылып, жерін тегістеп қойды. Сонан соң 20 үйдің шығыс жағына беті ашық 6 металл контейнер, 20 үйдің батыс жағына беті ашық 8 металл контейнерлер әкелініп қойылды. Үйіміздің екі жағында орналасқан 14 контейнерге (жалпы сыйымдылығы 11м3) қазіргі уақытта Сырдария мөлтекауданындағы 4, 5, 6, 7, 7а, 7б, 8а, 12, 13, 14, 20, 21 үйлердің тұрмыстық қалдықтары әкелініп салынып жатыр. Бұл үйлерде шамамен 600 ге жуық пәтер бар екенін ескерсек жоғарыдағы көрсетілген 14 контейнердің сыйымдылығы жеткіліксіз екені белгілі. Соның салдарынан ашық тұрған металл контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтар толып, жерге шашылып, желмен қалдықтар ұшып жатыр. Қазіргі уақыттың жаз екенін ескерсек тұрмыстық қалдықтардың жаман иістер қолқаны алып барады және күннің ыстығына қарамай терезе ашу мүмкін емес. Жоғарыда келтірілген 12 үйдің барлық тұрмыстық қалдықтары батысы мен шығысына жинақталатындай Сырдария мөлтекауданы 20 үйдің тұрғындарының қандай жазығы бар екені түсініксіз. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тұрмыстық қалдықтарды жинақтайтын контейнерлер тұрғын үйлерге 20 метрден жақын болмауы және подъездерден 100 м қашық орналаспауы керек екенін ескерсек, контейнерлердің бұлай топтап орналасуының заңға cәйкестігін анықтап беруіңізді сұраймын
    Жауап күні:
    11.11.2019 - 19:38
    Жауап:
    Құрметті Айтмаганбет Турсынбаевич! Сіздің Қызылорда қаласы, Сырдария мөлтек ауданындағы металл контейнерлеріне қатысты жазған өтінішіңіз бойынша, Қалалық прокуратурамен 08.11.2019 № 2-10-19-08091шығысымен Қызылорда қаласының әкімдігі, Қызылорда облыстық экология Департаменті мен Қызылорда қалалық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына қарауға жолданды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі Сізге хабарланады.
  • Сұрақ №: 49869
    Дата: 10.06.2019 12:52:47
    Аты-жөні: Шакиров Зульпухар
    Сұрақ:
    2019жылдың мамыр айының 27жұлдызында №49773 санды менің сұрағым солданып тіркелген болатын, алайда бүгінгі күнге дейін жауап келген жоқ, себеп-салдарымен таныстыруларыңызды сұраймын.
    Жауап күні:
    13 ноября, 2019 - 18:42
    Жауап:
    Құрметті Зульпухар Калдыбаевич, Сіздің көрсетіміңіз негізінде сұрағыңыз қараусыз қалдырылды.
  • Сұрақ №: 49833
    Дата: 04.06.2019 20:03:14
    Аты-жөні: Талқанбаев Имамаддин
    Сұрақ:
    Ассалаумағалайкум.Менің қойайын деген сұрағым былтыр қараша айында жүргізуші куəлігімнен 3 жылға айырылғанмын.Себебі жездем автокөлігімді басқарып кеткен.Содан меніңде куəлігім кетті.Енді сұрайын дегенім сол жүргізугі куəлігімді айыппұл төлеп қайтарып алғым келеді.Өйткені осымен жұмыс жасап жүргенмін...қателеспейтін пенде жоқ.Қəтемді басқашалай өтесем айыппұлмен.Осыған бір көмектеріңізді берсеңіздер.!Рахмет
    Жауап күні:
    08.11.2019 - 13:38
    Жауап:
    Құрметті Имамаддин Мейрамбекұлы! Сіз Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2018 жылғы 12 қарашадағы қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына бергені үшін) кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғансыз. Кодекстің 608-бабында балама ретінде айыппұл түріндегі жаза көзделмеген.
  • Сұрақ №: 49813
    Дата: 01.06.2019 02:29:24
    Аты-жөні: Кезенова Бақытгүл
    Сұрақ:
    Құрметті Бижанов Нұрлан Дәуренұлы! Менің сізге жазу себебім, мен инстаграм парақшасындағы жарнама арқылы алтынға тапсырыс берген едім. Жарты ақшасын алдын-ала киви кошелекке аудару қажет деді. Жеке куәлігінің суретін және киви кошелегінің номерын жіберді. 24.04.2019 ж. маған жіберген 7471578692 киви кошелегіне 20000 теңгені аудардым.Ақшаңыз түсті алтын 30.04.2019 ж.курьермен келеді деп сендірді.Алтын келмеді, инстаграмдағы аккаунтын өшіріп, мені бұғаттап тастады, тел.номеры сөндірулі. Алаяқ екенін сол кезде бірақ білдім. Бала-шағамның аузынан жырып аударып едім, алаяққа тап болдым.Ақша аударылған түбіртек қолымда бар.ИИН 830725402334 Сапарбаева Рая Лесбековна деген алаяқ Қызылорда облысында тіркелген. Осы алаяқты ұстап, алдап аудартқызған ақшаны қайтартқызуға көмек көрсетуіңізді сұраймын.Алдын-ала рахмет!
    Жауап күні:
    08.11.2019 - 11:08
    Жауап:
    Құрметті Бақытгүл Қажықамитқызы! Сіздің арызыңыз бұған дейін құқық қорғау органдарына түспеген. Сол себепті, Сіздің арызыңызда көрсетілген мәнжайларды тексеру үшін қалалық прокуратурамен 08.11.2019 ж. Қызылорда қалалық полиция басқармасына жолданды.

Беттер