Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 49812
    Дата: 01.06.2019 00:45:45
    Аты-жөні: Кезенова Бақытгүл
    Сұрақ:
    H
    Жауап күні:
    29.10.2019 - 13:50
    Жауап:
    Кешірім сұраймыз, Сіздің сұрағыңыз түсініксіз.
  • Сұрақ №: 49773
    Дата: 27.05.2019 00:23:32
    Аты-жөні: Шакиров Зульпухар
    Сұрақ:
    Менің осы арызым арқылы 2018жылдың қараша айының 14 жұлдызы сағат 18-00 шамасында Шиелі кенті Байтұрсынов көшесі, №10 ғимаратынан белгісіз себептермен 11 дана компьютер 11 дана монитор т.б. оргтехникаларды АПБ-нің тергеушілерімен басқада қызметкерлері алып кеткен болатын, ұялы телефон камерасына түсіріп алғанмын, бүгінгі күнге дейін немқұрайлы қарап, істің нақты мән-жайы, неліктен созбалаңға салынып жатқандығы туралы түсіндірілмей келеді. Жоғарыда аталған оргтехникалар жалға алынып бүгінгі күнге дейін жарты жылдан аса қаражаты өсуіне байланысты, істің тіркелген нөмері, неліктен созбалаңға салынып жатқандығы туралы жазбаша түрде және де нақты дәлелдемелермен айыпталмаса жоғарыда аталған заттарды жедел түрде қайтарылуына ықпал жасауыңызды сұраймын. 29.01.2019ж Аудандық ішкі істер бөліміне хат жолдаған болатынмын, бүгінгі күнге дейін жауап болған жоқ, 29.01.2019ж Аудандық прокурор арызымды қабылдаған жоқ.
    Жауап күні:
    13 ноября, 2019 - 18:39
    Жауап:
    Құрметті Зульпухар Калдыбаевич, Сіздің көрсетіміңіз негізінде сұрағыңыз қараусыз қалдырылды.
  • Сұрақ №: 49768
    Дата: 25.05.2019 17:06:20
    Аты-жөні: Беркимбаева Жауказын
    Сұрақ:
    мен 2018 жылы сот үкімі арқылы заңды некемді бұздырдым қолымда бір балам бар сол балама алиментке арыз жазғанымда сот орындаушысы менің бұрынғы жұбайымнан 5000 (бес мың) теңге өндіріп келеді. 2019 жылы 1 қаңтарынан бастап ел басының бастауы мен ең төменгі жалақы 42500 (қырық екі мың бес жүз) теңге болды бірақ маған төленетін алимент соммасы еш өспеді. Бұрынғы жұбайыммен алимент мәселесін сөйлесу үшін жұмыс мекен жайына барғанымда ол жерде жұмыс жасамайтынын айтып бізде жәй ғана таныс арқылы алименттен жалтару үшін тіркеліп тұр деп ашшы шындықты бетіме басты. Сұрайтыным Сейтимов Бекжігіт Араповичтің нақты жұмыс орнын тексеруіңізді кім болып жұмыс жасайтынын нақты табысын біліп заңды алиментімді өндіруге көмектесуіңізді сұраймын, алатын жалақасынан менің пайдама шығарылған сот үкімі бойынша 25%-ын өндіруді 2019 жылдың бірінші айынан бастап алынбаған сомманы өндіріп беруіңізді өтініп сұраймын. Сіздің құзіретіңз бұл мәселені шешуге жетпесе құзіретті органдарға мені бағыттауыңызды сұраймын. Назар салғаныңызға рахмет!!!!!
    Жауап күні:
    11.11.2019 - 19:45
    Жауап:
    Құрметті Жауказын Сексенбайқызы! Қызылорда облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысының (әрі қарай - ЖСО) алимент өндіру бойынша Сейтимов Бекжігіт Арабовичке қатысты атқарушылық өндіріс құжаттарының орындалу заңдылығына талдау жүргізіліп және ақпараттық жүйелер арқылы борышкердің қаржылық, мүліктік жағдайлары тексеріліп, нәтижесінде Б.Сейтимовтың нақты жұмыс орыны анықталмай, өз атына тіркелген жылжитын, жылжымайтын мүліктері анықталмағанын хабарлаймын. ЖСО-ы Р.Серіков өз өндірісіндегі борышкер Б. Сейтимовке қатысты іс құжаттарымен тиісті деңгейде жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді.
  • Сұрақ №: 48873
    Дата: 09.04.2019 01:50:31
    Аты-жөні: Абдуллаева Айгул
    Сұрақ:
    Арыз Осы арызым арқалы Сіздерден, 2012 жылғы 18 сәуірдегі Қызылорда қалалық сотының Сыртай Шешімі негізінде азамат Есенжолов Бержан Тулегеновичпен некеміз бұзылып, арамызда Төлегенова Бекзат Бержанұлы атты, 09.04.2003 жылы туылған, Төлегенова Асылгұл Бержановна атты 21.08.2016 жылы туылған балаларымыз бар. Әкесі Есенжолов Бержан Тулегенович балаларыма еш қамқорлық көрсетпеді. Себебі Сот шешімі шықсада, Арал қаласының, жеке сот орындаушысы Тлепберген Жоламан тел: 8702-233-87-77 санды еш шара қолданбай отыр. Сонымен қатар, азамат Есенжолов Бержаннің еш жерде жұмыс жасамау себебі, отбаслық өздерінің шаруа қожалықтары бар. Бұл ретте, азамат Есенжолов Бержан өзінің кіріс көздерін жасырып отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында көзделгендей, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Сонымен қатар Ата заңымыздың 27-бабының 2-тармағына Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті деп көрсетілген. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы ҚР Заңының 59-бабына сәйкес бер немесе бірнеше құжаттары бойынша борышкердің жалақысынан немесе табысыны өзге де түрлерін өндіріп алынған жағдайда борышкер жалақысының немесе өзге де табысының кемінде елу пайысызы сақталуы тиіс делінген. Қазақсатан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңының 4 және 13-батарына сәйкес тегіне, нәсілене және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа бала құқыққа ие. Некеден де және некесіз де туған балалар тең әрі жан-жақты қорғауды пайдаланады. Әрбір баланың заңмен белгіленген тәртіппен және мөлшерде өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерінен қаражат алуға құқығы бар. Балаға алименттер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер ретіндегі тиесілі сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдырдың) билік етуіне келіп түседі және олар баланы күтіп бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсалады деп көрсетілген. Алайда жоғарыда аталған заңды білседе жеке сот орындаушы Тлепберген Жоламан, азамат Есенжолов Бержан еш шара қолданбай отыр. Жоғарыда аталған негізде, Сұраймын; Сіздерден азамат Есенжолов Бержаннан әлимент өндіруге ықпал жасауларыңызды сұраймын. Жеке сот орындаушы Тлепберген Жоламанға заңға сәйкес жауапкершілігін қарауларыңызды сұраймын. Балаларын асыраудан жалтарып жүрген азамат Есенжолов Бержан Тулегеновичті қолданыстағы заң нормаларына сәйкес жауапкершілікке тартуларыңызды сұраймын. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 4 бабының 4 тармағына сәйкес өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермей, заңда көзделген мерзімде жауап берілмеген жағдайда жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертемін. Арызданушы А. Абдуллаева
    Жауап күні:
    08.11.2019 - 11:13
    Жауап:
    Құрметті Айгул Муратовна! Заңда көрсетілген талаптарды ескере отырып, Сіздің арызыңыз облыстық әділет департаментіне қарау үшін жіберілді. Сонымен қатар, мәлімет ретінде хабарлаймыз және бір мезетте сот орындаушының әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотта АПК-нің 250-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін екенін түсіндіреміз. Бұл ретте шағым беру үшін арнайы мерзімнің (дауланатын әрекеттің (әрекетсіздіктің) немесе шеішмнің қабылданған сәтінен 10 күн мерзім ішінде) сақталуы міндетті. Бағыныштылық бойынша жоғары тұрған органға немесе жоғары тұрған лауазым иесіне алдын-ала шағымдану сотқа арыздануға кедергі болмайды. Өз кезегінде сот шағымды негізді деп тауып сот орындаушысының әрекетін (әрекетсіздігін) заңсыз деп таниды және жіберілген бұзушылықты толық жоюды немесе бұзылған құқықты қалпына келтіруді міндеттейді. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабына сәйкес лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымды қарауды жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) не сот жүргізеді. Осыған байланысты, уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, Сіз ол бойынша жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) не сотқа шағымдануға құқылысыз.
  • Сұрақ №: 48778
    Дата: 27.03.2019 23:58:45
    Аты-жөні: Маратқызы Гулфарида
    Сұрақ:
    салематсызба , 2014 жылы 1айелге 3 миллен акша бергем уй ап берем дегсін,1жыл бойы уй де акша да болмагасын устінен арыз жаздым,ол айел арызынды ал 5куннің ішінде акшанды тауып берем дегесін мен арызымды кайта алдым,арыз талабым жок акшамды кайта алдым деп жазып бердім полицияга, енді алгі кунге дин ол кисі акшамды кайтарган жок, 2016 жылы устінен тагы 10 кисі жазып 1жыл сезода отырып казіргі таңда условно шыгып алды ,Сұрагым келгені мен енді кайта арыз жаза аламын ба , маган 2сойледің деп өзіме тарпа бас салмайма .Рахмет коп
    Жауап күні:
    21.11.2019 - 12:58
    Жауап:
    Құметті Гүлфарида Маратқызы! Сізден ақша қаражатын алып, қайтармаған адамға қатысты құқық қорғау органына қайта арыздануға түсіндірме беруді сұрап жазған арызыңыз қаралды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 179-бабының 3-бөлігіне сәйкес жекеше айыптау істерін қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы барлық арыздар, хабарлар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуге міндетті. Осыған байланысты Сізбен қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды қайта құқық қорғау органына беруге кедергі болатындай негіздер айқындалмағанын хабарлаймын. Берілген жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға немесе ҚПК 106-бабының талаптарына сәйкес сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін.

Беттер