Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 2930
    Дата: 10.07.2013 11:46:57
    Аты-жөні: Абайдуллаева Индира
    Сұрақ:
    Сәлеметсіз бе! Мен 2013 жылдың ақпан айында бір кісіге нотариус арқылы ақша бергенмін. Ол кісі маған мемлекеттік бағдарламамен кезексіз пәтер алып берем деген. Енді ия пәтер де жоқ ия ақшада жоқ.Енді ешкім маған ештене істей алмайды өйткені мен жұмыссызбын 4 балам бар сенің ақшаңа бола мені соттап жібермейді деп отыр. Мен ГОВД-ға бергенмін оларда ештене істей алмай отыр. Сонда бүл қалай жай адамнын құқығын ешкім қорғамай ма. Ол кісі өмір бойына солай жүре беруіне болады ғой жұмыс істемей әр кәмді бір алдап. Маған тергеуші айтады ештене істей алмайсын ол мойындамай отыр дейді Мен екі куәгер апардым оларда түсініктеме жазып берді сонда да ештене істей алмайды екенбіз әлде казір сондайлардың заманы ма. Басқа барар тауым жоқ. Сізге өтініш маған көмек беріңізші
    Жауап күні:
    2013-07-27
    Жауап:
    қалалық ІІБ-на белгісіз адамның алаяқтық әрекеті туралы жазған арызы бойынша, тиісті процессуалдық шешім қабылданбай жатқандығы туралы арызы
  • Сұрақ №: 2316
    Дата: 22.05.2013 13:15:52
    Аты-жөні: Майлыбаев Қаһарман
    Сұрақ:
    Құрметті Жаңақорған ауданының прокуроры Досмағанбетов Мұрат мырза! Мен Майлыбаев Қаһарман 2013жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Халықаралық қатынастар және құқықтану факултетінің құқытану мамандығы бойынша күндізгі бөлімді бітірдім. Мен осы Жаңақорған аудандық прокаратурасында жұмыс жасауға ниеттімін. Менің сұрағым Жаңақорған аудандық прокаратурасына жұмысқа тұруға қаншалықты мүмкіндігім бар конкурсқа қатыса аламынба?
    Жауап күні:
    2013-11-07
    Жауап:
    жумысқа орналастыру туралы
  • Сұрақ №: 2096
    Дата: 06.05.2013 16:08:12
    Аты-жөні: Алмахов Әбжәми
    Сұрақ:
    Құрметті Сапарбек Айтуұлы! Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Шәкен ауылы №134орта мектепті 2001жылдан бері басқарып келген Ш.Жаңабаеваның 11.03.2013жылы мектептен жоғары білімді төрт бірдей азаматты атап айтсақ технология пәнінің мұғалімі Ә.Үмбетов, тарих пәнінің мұғалімі Д.Ермаханов, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Н.Өмірзақов, М.Алмаховтарды 8наурыз мерекесіне сыйлық бермегені үшін неше түрлі балағат сөздер айтып намыстарына тиетін сөздердермен жұмыстан қуып жібергендігі туралы наурыз айының 12жұлдызында аудандық әкімшілікке, аудандық прокуратураға арыз жазылған еді. Ал қазір сәуір айының 28 і аудандық білім бөлімінің немесе әкімшіліктің басқарушы органдардың арызға байланысты жұмыстарынан еш нәтиже шығар емес, себебі мектеп директоры Ш. Жаңабаева мектепті өзінің жеке мектебіндей ешкімді тындар түрі көрінбейді. Аудандық білім бөлімінің бастығы Е.Қалниязовтың наурыз айының 14 інде жұмыстарыңа қосыла беріңдер директорға айттым деген сөзін тындамай , аудандық еңбек қорғау инспекторының кезекті тексеру нәтижесінде мектептен заңсыз шығарылғандығы анықталып сәуір айының 13жұлдызында жұмысқа қосылсын деген ұйғарымын орындамай отырғандығы. Аудандық қаржы полициясының мектеп директоры Ш. Жаңабаеваның өзінің сабағын басқа мұғалімге бергізіп ақшасын өзі алатындығы туралы қылмысы тексеріліп оқушылармен сынып жетекшілерінің дәлелді түсінігі, 5,7сынып журналдарының облыстық сараптамаға жіберіліп журналдағы күнделікті оқушы бағасын А.Өтемісова толтырғандығы дәлелденседе және қаржы полициясының тексеру жүргізу барысында мектеп директорының сабағын бергені үшін түсінік берген А.Өтемісова алғашқы түсінігінде сабағын мен берем ақшасын өзі алады деп жауап берсе, 8cәуір күнгі түсінігінде мен сабағын берген емеспін өзі береді, тек мектеп директоры ауданға жиналысқа кеткен уақытында бердім деп жалтарған онымен қоймай 23сәуір күнгі түсінігінде сабағын мен берем бірақ ақшасын Ш.Жаңабаевадан қолма-қол аламын деп түсінігін үшінші қайтара өзгерткен, сонда математика пәнінің мұғалімі А.Өтемісова заңды орындардың тексеру жұмысына жалған ақпар бергені және түсінігін Ш. Жаңабаеваның айтуымен қалағанынша өзгертіп отырғаны үшін құқықтық жауапкершілікке неге тартылмайды ? қазіргі таңда тексеруге байланысты құжаттар аудандық қаржы полициясында бірақ жоғарғы лауазымды тұлғалардың араласуымен Ш. Жаңабаеваның пайдасына бұрмаланып шешілеме деп қорқамыз. Осындай Ш. Жаңабаеваның заңсыз әрекеттерін білседе аудандық заңды органдардың еш шара көре алмай отырғандығын барлық аудан басшылары біледі бірақ ешқандай құзырлы орындар мектеп директоры Ш. Жаңабаеваға шара көруге дәрмендері келмей отырма әлде барлығы жең ұшынан жалғасқан сыбайластықпа түсіне алмадық. Осы жағдайға байланысты аудандық білім бөлімінің бастығы Е. Қалниязовтың қолынан келгені заңсыз жұмыстан шығарылып жәбірленуші мұғалімдермен олардың жанашыр ата-аналарын осы уақытқа дейін алдарқатып келгені. Атап айтсақ Шәкен ауылына сәуір айының 20жұлдызында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың халықтың әл- ауқатын, мұң - мұқтажын көзбен көру үшін келуі жоспарланған. Балаларының жұмыстан заңсыз шығарылғандығын облыс басшысына ашына айтамыз деп отырған ата-аналарға 19сәуір күні аудандық білім бөлімінің бастығы Е. Қалниязов мырза ауылға келіп ауылдық әкімшілік үйіне ата-аналармен жәбірленуші мұғалімдерді шақырып «Мен аудандық білім бөлімінің басшысы ретінде сіздерге уәде берем 22 сәуір күні балаларыңыз жұмысқа қосылады, сосын заңсыз жұмыстан шығарғаны үшін мектеп директорына тиісті шараны көремін, тек сіздер облыс басшысына ештене айтпаңыздар» деп берген уәдесіне де міне 10күн өтті аудандық білім бөлімінің бастығы Е. Қалниязов мырза әзірге үнсіз. Аудандық білім бөлімінің бастығы Е.Қалниязов мырзаның облыс басшысы келу қарсаңында ішінде 92жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Алмахов Әбжәми бастаған ата-аналарға құрғақ уаде беріп кетуі облыс басшысының алдында тыныш құтылу мақсатындама, әлде ата-аналарға берген уәдесін орындау үшін мектеп директоры Ш. Жаңабаеваға сөзін өткізе алмайма түсінбедік. Осындай заңсыз әрекеттерге байланысты Қазақстан Республикасында белгіленген заңдар бар, әлде шығарылған заң ақшасы мен жоғарыда көкесі барларға жұмыс жасайма? Қазалы аудандық құзырлы органдардан нәтиже шықпағасын облыс басшысы Қ.Көшербаевқа жазған арызымызда әзірге шешімін таппады. Әліде болса жоғарыдағы құзырлы органдардан осы істерді Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әділ шешімін шығарады деп үміттенеміз. Қазір мамыр айының 02жұлдызы жұмыстан заңсыз шығарылған мұғалімдер әлі бос жұмыссыз, Заңсыз шығарылғанын білседе аудандық құзырлы орындар әзірге үнсіз. Осы мәслелені жуық арада шешіп беруіңізді сұраймыз. Ұлы Отан соғысының ардагері Алмахов Әбжәми Ардагер ұстаз Үмбетов Әзілхан Ермаханова Шәкизада Құлсариева Бақыткүл Ілиясова Жанзия
    Жауап күні:
    2013-06-07
    Жауап:
    07.06.2013 жыл 2-10150-13- Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Шакен аулының тұрғыны Ә.Алмаховқа Облыстық прокуратурамен Сіздің Қазалы ауданы, Шакен ауылында орналасқан №134 орта мектеп директоры Ш.Жанабаеваның заңсыз әрекеттері туралы облыс прокурорының блогына жазған арызыңыз жинақталған құжатты зерделеу арқылы қаралды. Анықталғаны, Сіздің және 134 орта мектеп мұғалімдері А.Үмбетов, Н.Умирзақов, Д.Ермахановтардың осы тектес жазған арыздарыңыз негізінде Батыс аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің аға тергеушісі Н.Рахметов тексеру жүргізіп, нәтижесінде 14.05.2013 жылы Қазалы ауданы Шакен ауылдық округінде орналасқан №134 орта мектебінің директоры Ш.Жанабаеваның әрекетінде қылмыс құрамы болмаған деген негізде қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 37-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы процессуалдық шешім қабылданған. Аталған шешімнің заңдылығы Қазалы аудандық прокуратурасымен зерделеніп, келісілген. Арызыңызда мектеп директоры Ш.Жанабаева 5 сыныпқа математика пәнінен сабақ бермесе де, еңбек жалақысын алып жүргендігі жөнінде жазған бөлігі бойынша төмендегіні хабарлаймын. Тексеру барысында сұралған мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Жақсылықов, 5 сынып жетекшісі Ш.Қалыбай, математика пәнінің мұғалімі А.Өтемісова және 5 сынып оқушылары (сынып жетекшісі, оқу ісі жөніндегі орынбасардың қатысуымен) оқу жылының 1, 2, 3 тоқсанда математика пәнінен мектеп директоры Ш.Жаңабаеваның орнына математика пәнінің мұғалімі А.Өтемісова беретіндігін көрсеткен. Ал, мектеп директоры Ш.Жаңабаева аудан орталығына жиналысқа кеткен кездерінде А.Өтемісованың бергендігін және берген сағаттары үшін мектеп директоры қолма-қол ақша беріп отырғандығын көрсеткен. А.Өтемісова өз түсініктемесінде Ш.Жанабаеваның түсінігін толығымен қуаттаған. Ш.Жанабаевамен еңбек қорғау инспекторының ұйғарымын орындамай отырғандығы жөнінде көрсетілген бөлігі бойынша. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Ш.Телеуов тексеру жүргізіп, 10.04.2013 жылғы актісімен жұмыс беруші №134 орта мектебі мемлекеттік мекемесі тарапынан М.Алмаханов, Н.Өмірзақов, Д.Ермаханов, Ә.Үмбетовтермен еңбек шартын тоқтату барысында ҚР Еңбек Кодексінің 56-бабының 4-тармағының талаптары бұзылғандығы анықталған. Осыған орай, 10.04.2013 жылы аты аталған мұғалімдерді жұмыстан босату туралы 19.03.2013 жылғы №16, 17, 18, 19 бұйрықтардың күшін жою жөнінде ұйғарым беріліп, сол күні мектеп директорына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Алайда, мектеп директоры Ш.Жаңабаева ұйғарымды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін алудан, құқықтарымен және міндеттерімен танысудан бас тартуына байланысты тиісті акті толтырылған. Мемлекеттік еңбек инспекторының 15.05.2013 жылғы 37 санды хатымен жоғарыда аталған ұйғарымның орындалмауына байланысты оны мәжбүрлеп орындату үшін Қызылорда ауданаралық экономикалық сотына талап арыз беріліп, бүгінгі күнде сот отырысы жалғасуда. Сонымен қатар, 20.05.2013 жылы Қазалы аудандық білім беру бөлімі бастығының 223 санды бұйрығымен №134 орта мектеп директоры Ш.Жанабаева қызметінен босатылғандығын хабарлаймын. Арызыңызға берілген жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокуратураға шағымдануға немесе сотқа жүгінуге құқылысыз. Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Н.Мақұлбеков орынд.: Е.Бегимбаев, тел.: 27-79-95
  • Сұрақ №: 2055
    Дата: 03.05.2013 00:29:01
    Аты-жөні: Асылбаев Садықбек
    Сұрақ:
    ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің төрағасы Р.Т.Түсіпбеков мырзаға жәбірленуші өкілі Асылбаев Садықбектен Қызылорда облысы, Жаңақорған е.м., Байниязова көш. №19 үй тұрғыны индекс 120300, тел.24862 Ш А Ғ Ы М Қызылода облыстық ЭСЖҚД-ның АМІЖ аға тергеушісі қаржы полициясының капитаны Б.Нугымановтың іс әрекетіне Ұлым Б.Жүсіпбековтың “орта” дене жарақатын алу дерегі негізінде ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігімен қозғалған №12431003101453 қылмыстық ісі бойынша 23.01.2013 жылы мен жәбірленуші өкілі ретінде Қызылорда облысы бойынша ЭСЖҚД-ның АМІЖ аға тергеушісі қаржы полициясының капитаны Б.Нугымановқа қайталама комиссиялық сот медициналық сараптама тағайындай туралы өтініш берген болатынмын. ҚР ҚІЖК-нің 102 бабы 4 бөлігіне сәйкес, өтiнiш ол мәлiмделгеннен кейiн қарауға және тiкелей шешуге жатады. Өтiнiш бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс. Осы баптың 6 бөлігіне сайқарауға және тiкелей шешуге жатады. Өтiнiш бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс. Осы баптың 6 бөлігіне сай, қылмыстық процестi жүргiзушi орган өтiнiштi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тарту туралы дәлелдi қаулы шығарып, ол өтiнiш жасаған адамға жеткiзiледi. Өтiнiш жөнiндегi шешiмге осы Кодексте белгiленген шағым берудiң және оны қараудың жалпы ережелерi бойынша шағым жасалуы мүмкiн. Алайда, осы өтініш берген күннен бастап 4 айдан астам мерзім өтседе, Қызылорда облыстық ЭҚСЖКД-нің басшылары мен тергеуші Б.Нугыманов өтініш бойынша ешқандай қаулы шығармай, маған қандай шешім қабылдаған жөнінде хабар бермеді. Бұл жайлы мен Сіздердің аттарынызға қанша шағым жазсамда, Сіздер тарапыныздан ешқандай жауап ала алмадым. НЕГЕ? КІМ ОҒАН КІНӘЛІ? БОЛМАСА КІМ МҮДДЕЛІК ТАНЫТЫП ОТЫР? 2013 жылдың қаңтар айының аяғында тергеуші Б.Нугыманов істі тоқтамға алу туралы қаулы шығарған, бірақ осы қабылдаған шешім туралы маған жазбаша түрде хабар бермеген. 14.04.2013ж. тергеуші Б.Нугыманов істі қайта жаңғарту туралы қаулы қабылдаған, алайда осы қабылдаған шешім туралы маған жазбаша түрде хабар бермеді. 02.05.2013ж. тергеуші Б.Нугыманов маған жолығып, сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулымен таныстырып (қаулыда қай мерзімге дейін сұрақтар қоюға менде мүмкіндігім бар туралы мәлімет мүлдем жоқ), сарапшылар алдына сұрақтарыныз болса жазбаша түрде бүгін беріп кетініз деп мені асықтырды. Мен оған қаулымен танысып, сұрақтарымды бір-екі күн ішінде жазбаша түрде беремін, маған істі тоқтамға алу және жаңғарту, және 23.01.2013ж. сот-медициналық сарапшылар алдында 12 сұрағымды қою туралы өтініш бойынша қабылдаған қаулының көшірмелерін сұрағанымда, тергеуші Б.Нугыманов сұраған қаулылар көшірмелерін беруден «Вам по закону не положено» деген сылтаумен үзілді кесілді бас тартып, маған «Сіздің баланыз 18 жастан асты, кәмелет жасына толды, енді Сіз оның заңды өкілі бола алмайсыз» деп, мені таңқалдырып, кетіп қалды. Мен оның осы іс әрекетің заңсыз деп санаймын, себебі мен ІІД-нің тергеушісінің қаулысымен заңды өкілі ретінде танылғанмын, ол қаулының күшін ешкім бұзбаған, және ҚІЖК-де жәбірленуші кәмелет жасына толуына байланысты заңды өкіл ала алмайды деген негіз жоқ. Менің пікірімше тергеуші Б.Нугыманов ҚІЖК-нің талаптарын өрескел бұзып, тоқтамға, жаңғырту, және 23.01.2013ж. өтініш бойынша қабылдаған шешім туралы қаулы көшірмелерін ЗАҢДЫ білмегендіктен әдейі бермей жатыр. Қызылорда облыстық ЭСЖҚД басшылары мүлдем істі бақылауға алмаған, тергеуші Б.Нугыманов қаңдай заңсыз іс әрекетсіздік пен әрекетке барып жатқанын бейхабар. Тергеуші Б.Нугымановты тергеу саласынан басқа қызметке ауыстыруды талап етемін, мүкін ол сол жақта өзінің кәсіби шеберін дәлелдей алып, бағы ашылатын шығар. Сондай-ақ, осы шағымда жазылған деректер бойынша қызметтік тексеру жүргізіп, сұраған қаулы көшірмелерін беріп, осы шағым бойынша жазбаша түрде заңда көзделген мерзім ішінде жауап беруді сұраймын. Шағым иесі, С.Асылбаев
    Жауап күні:
    2013-05-13
    Жауап:
    С. Асылбаевқа Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Байниязов көшесі №19 Балаңыз Б.Жүсіпбековтың дене жарақатын алу фактісі негізінде қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері созбаланға салынғаны жөнінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының блогына түскен өтінішіңіз қылмыстық іс құжаттарын зерделеу арқылы қаралды. Өзіңізге белгілі қылмыстық іс Қызылорда облыстық ішкі істер Департаментімен тергеліп, Сіздің өтінішіңізге сәйкес қылмыстық істің тергеуін жүргізу Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес Департаментіне (бұдан әрі-ЭСЖҚД) тапсырылды. Қылмыстық іс 19.12.2012 жылы ЭСЖҚД-нің аға тергеушісі Б.Нұғымановтың өндірісіне қабылданып, дәрігерлермен балаңыздың алған жарақаттарына байланысты толық тексерудің жүргізілуі, диагноздың дұрыс қойылуы, алған дене жарақатының дәрежесін анықтау мақсатында қайталама сот медициналық сараптамасын тағайындау қажеттілігі туындаған. Алайда, аға тергеуші Б.Нұғыманов қызметіне салғырт қарап, іс тергеуін баяу жүргізіп (сараптама жүргізу үшін ауру тарихын дер кезінде сұратпай, сараптаманы уақтылы тағайындамаған) қылмыстық істің созбаланға түсуіне жол берген. Осыған байланысты аға тергеуші Б.Нұғымановқа және оған ведомстволық бақылау жүргізбеген басшыларына қатысты облыстық прокуратурамен 15.02.2013 жылы ұсыныс енгізілді. Қарау нәтижесімен іс тергеуінде кемшіліктердің орын алғаны бекітіліп, шара қолданылды. Қазіргі уақытта тиісті құжаттар (ауру тарихы) емдеу орнынан алынып, тергеушінің 02.05.2013 жылғы қаулысымен қайталама комиссиялық сот медициналық сараптамасы тағайындалып, Астана қаласында орналасқан «Сот медицина орталығы» РМҚК-ның сарапшылары жүктелген. Тергеушінің сот сараптамасын тағайындау жөніндегі қаулысы Сізге таныстырылып, Сізбен ұсынылған сұрақтар қамтылғаны анықталды. Сондықтан сот сараптамасының қорытындысы және іс бойынша жүргізіліп жатырған тергеу әрекеттері жөнінде Сізге Қызылорда облысы бойынша ЭСЖҚД-мен хабарланады. Бұл жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокуратураға, сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді хабарлаймын. Қызылорда облысының прокурорының орынбасары Н. Мақұлбеков орын:Е.Жоланов тел:272362
  • Сұрақ №: 1780
    Дата: 14.04.2013 02:20:57
    Аты-жөні: Асылбаев Садықбек
    Сұрақ:
    ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің төрағасы Р.Т.Түсіпбеков мырзаға ҚызылОрда облыс прокурорына жәбірленуші өкілі Асылбаев Садықбектен Қызылорда облысы, Жаңақорған е.м., Байниязова көш. №19 үй тұрғыны индекс 120300, тел.24862 Ш А Ғ Ы М Қарағанды және Қызылорда облыстық қаржы полициясының іс әрекетсіздігіне Ұлым Б.Жүсіпбековтың “орта” дене жарақатын алу дерегі негізінде ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігімен қозғалған №12431003101453 қылмыстық ісі бойынша 23.01.2013 жылы мен жәбірленуші өкілі ретінде Қызылорда облысы бойынша ЭСЖҚД-ның АМІЖ аға тергеушісі қаржы полициясының капитаны Б.Нугымановқа қайталама комиссиялық сот медициналық сараптама тағайындай туралы өтініш берген болатынмын. Тергеуші Б.Нугыманов 2013 жылдың ақпан айында Қарағанда облысы бойынша ЭСЖҚД-не қызметтік хат жолдап осы күнге дейін ол жақтан ешқандай жауап алалмауда. Содан 2013 жылдың наурыз айында Қызылорда облыстық ЭҚСЖКД-нің бастығының бірінші орынбасары Н.АСейдалиев Қарағанда облысы бойынша ЭСЖҚД-не ескерту (напоминание) жолдады, бірақ осы күнге дейін ешқандай нәтиже жоқ. Соның салдарынан жоғарыдаға іс бойынша ешқандай сот-медициналық сараптама тағайындау мүмкін емес болып тұр. Тергеуші Б. Нугыманов менің үш ай бұрын жазған өтініштерім бойынша осы күнге дейін ешқандай жазбаша түрде хабар берген жоқ. 29.03.2013 ж. Сіз маған жауап жолдап, өз жауабынызда тергеушіні менің өтініштерім бойынша жауап беруді міндеттеген болатынсыз. Алайда телефон арқылы Б.Нугымановпен хабарласқанда өтініштер бойынша «Сізге хабар беруге құқығым жоқ» деп салды. Сол кезде неге тергеуші Б.нугыманов Сіздің талаптарынызды осы күнге орындамай жатыр? Қызылорда облысы бойынша ЭСЖҚД-нің басшылығы қай жаққа қарап жатыр? Қарағанда облысы бойынша ЭСЖҚД-нің басшысы неге сұраған құжатьтарды екі айдан астам мерзім ішінде Қызылорда облысы бойынша ЭСЖҚД-не жолдаған жоқ? Сізден Қызылорда мен Қарағанда облысы бойынша ЭСЖҚД-нің басшыларын және тергеуші Б.Нугымановты істі созбаландыққа салған үшін және Қаржы полиция Агентігінің төрағасының нұсқауын қасақана орындамаған үшін қызметтен босатуды және бүгінгі күнге дейін мен берген барлық өтініштер бойынша тиісті шешім шығарып беруді сұраймын. Құрметпен, Асылбаев С., 14.04.2013 жылы
    Жауап күні:
    2013-05-13
    Жауап:
    С. Асылбаевқа Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Байниязов көшесі №19 Балаңыз Б.Жүсіпбековтың дене жарақатын алу фактісі негізінде қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері созбаланға салынғаны жөнінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының блогына түскен өтінішіңіз қылмыстық іс құжаттарын зерделеу арқылы қаралды. Өзіңізге белгілі қылмыстық іс Қызылорда облыстық ішкі істер Департаментімен тергеліп, Сіздің өтінішіңізге сәйкес қылмыстық істің тергеуін жүргізу Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес Департаментіне (бұдан әрі-ЭСЖҚД) тапсырылды. Қылмыстық іс 19.12.2012 жылы ЭСЖҚД-нің аға тергеушісі Б.Нұғымановтың өндірісіне қабылданып, дәрігерлермен балаңыздың алған жарақаттарына байланысты толық тексерудің жүргізілуі, диагноздың дұрыс қойылуы, алған дене жарақатының дәрежесін анықтау мақсатында қайталама сот медициналық сараптамасын тағайындау қажеттілігі туындаған. Алайда, аға тергеуші Б.Нұғыманов қызметіне салғырт қарап, іс тергеуін баяу жүргізіп (сараптама жүргізу үшін ауру тарихын дер кезінде сұратпай, сараптаманы уақтылы тағайындамаған) қылмыстық істің созбаланға түсуіне жол берген. Осыған байланысты аға тергеуші Б.Нұғымановқа және оған ведомстволық бақылау жүргізбеген басшыларына қатысты облыстық прокуратурамен 15.02.2013 жылы ұсыныс енгізілді. Қарау нәтижесімен іс тергеуінде кемшіліктердің орын алғаны бекітіліп, шара қолданылды. Қазіргі уақытта тиісті құжаттар (ауру тарихы) емдеу орнынан алынып, тергеушінің 02.05.2013 жылғы қаулысымен қайталама комиссиялық сот медициналық сараптамасы тағайындалып, Астана қаласында орналасқан «Сот медицина орталығы» РМҚК-ның сарапшылары жүктелген. Тергеушінің сот сараптамасын тағайындау жөніндегі қаулысы Сізге таныстырылып, Сізбен ұсынылған сұрақтар қамтылғаны анықталды. Сондықтан сот сараптамасының қорытындысы және іс бойынша жүргізіліп жатырған тергеу әрекеттері жөнінде Сізге Қызылорда облысы бойынша ЭСЖҚД-мен хабарланады. Бұл жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокуратураға, сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді хабарлаймын. Қызылорда облысының прокурорының орынбасары Н. Мақұлбеков орын:Е.Жоланов тел:272362

Беттер