Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 6742
    Дата: 19.02.2014 15:01:19
    Аты-жөні: Асанбек Мардан
    Сұрақ:
    Құрметі аудан прокуроры, әділет кеңесшісі О. Монтаевқа Өтініш Аудандық білім бөлімінде жұмыс жасайтын А. Ергешовтың жұмысында бір шикілік бар деп есептеймін. Менің жала жауып отырған жоқпын. Мен мұғаліммін Абай жинатып жатыр директорлар акша жинайды да тұрады, түсінбейміз. Кім кімді алдап жүргенін. Нақты дәлел мынау: Мектеп басшылары Абайға ақша беріп, 1 сынып комплектіні 2 ге заңсыз бөліп беріп отыр. Мектептерде 40 оқушыға толмаса 2 бөлуге болмайды. Қазір Абай Ергешов 30 жетпейтін оқушыны екіге бөліп беріп отыр, сонда сағат саны көбейеді екен. Ақша көбейеді. Заңды белшесінен батып отыр.Мектепте химия, физика, биология кабинеттері жоқ. Кабинеттен зертханашы көп. Сонда зертханашылар далада отыра ма? Түсініксіз жағдай. Неге мектептерге жылына 1 рет прокутура СЭс, пожарный, Нұр Отан тексермейді. Сол кезде тәртіп болады. (білгендерін істеп жүр ғой) «Тәртіпке бас иген құл болмайды» дейді гой. Тексеру болмағаннан кейін бұрын қорқатын еді, қазір білгендерін істеп жатқан ағайындар бар. Рас па? өтірік пе зерттеп көріңізші рас екеніне 100 пайыз көзіңіз жетеді. әр тоқсанның аяғында мектептер отчет тапсырады. Сол кезде тексерсеңіз көзіңіз жетеді. Біреуді құрту мақсат емес, қанағат болу керек деп ойлаймын. Аудандық білім бөлімінің басшысының ешқандай кінәсі жоқ. Жақсы қарындасымыз. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді дегендей. Қою керек шығар. Ақша кімге жетпейді. Бәрімізге жетпейді. Төбемізде Алла тағала ұмытпауымыз керек шығар деп ойлаймын. Сосын директорлар, жалпы мектеп басшыларына 9 сағат алады сабақ беремін деп, сабақтарын өтпейді. Оқушылардың обалына қалады гой. «Балық басынан шіриді деген осы» - осы. Осындайды көрген жас мұғалімдерден қалай жауапкершілік сұрайды, өздері өтіп алсын бірінші сабақтарын дейді гой жас мұғалімдер. Осы жағдайларды ретке келтірсе білім сапасы өседі. . Осы өтінішіміз орындалады деген сенімдеміз. Шиеліде жемқорлар болмауы тиіс. Шиелі ауданытұрғындары атынан: Аргынгали, Гүлназипа, Мардан т. Б
    Жауап күні:
    2014-03-20
    Жауап:
    Сіздердің, 20 ақпан 2014 жылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының блогына, «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкері А.Ергешовтың аудан көлемінде орналасқан орта білім беру ұйымдарының директорларынан ақша жинайтындығы жөнінде, сондай-ақ сынып комплектілерін заңсыз екіге бөлетіндігі жөнінде жазған шағымдарыңыз аудандық прокуратурамен қаралды. Шағымда көрсетілген мән-жайларды анықтау мақсатында, аудандық прокуратурмен «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкері А.Ергешовтан көрсетім алынып және осы мән-жайларға қатысты өзге де зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен шағымда көрсетілген фактілер өз дәлелін таппады. Ал, прокуратура органдары, «НұрОтан» ХДП-сы мен санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау мекемелері тарапынан тексерулер жүргізу, тек тапсырмамен, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер бойынша ғана, яғни негіз болған жағдайда ғана жүргізілетіндігін жеткіземін. Аудандық прокуратурамен берілген жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағым беруге болатындығы жөнінде заң талаптарын түсіндіремін.
  • Сұрақ №: 6673
    Дата: 15.02.2014 16:47:53
    Аты-жөні: Алшынбай Боранды
    Сұрақ:
    Құрметті аудан прокуроры, әділет кеңесшісі О. Монтаев мырза. 1сұрақ. Мектепте 4 - 5 сағатпен мұғалімдер сабақ беруге бола ма? Өтінішім қазір мұғалім болуға құмар жандар көп. ауылда жүреді үйлерінен шықпай, бір күні мұғалім болып шыға келеді. бұл қалай? Диплом кайдан келді. ауылда 30 жыл қой бағып жүрген көкеміз, бір жылда ауданның жоғары санатты мұғалімі болып шыға келді. Бұл да түсініксіз. кімге ренжиміз. Негізі мектептерді сіздердің тараптарыңыздан жылына 2 рет тексеру болса тәртіп болады деген ойдамын. Көпке топырақ шашқым келмейді, бір құмалақ бір қарын майды шірітеді дегендей. білгендерін істеп жүрген басшылар жетерлік. "Тәртіпке бас иген құл болмайды" - деп бекер айтылмаған сыңайлы. шынымен ауданның білім сапасына жаным ашиды.
    Жауап күні:
    2014-03-20
    Жауап:
    Сіздің, 19 ақпан 2014 жылы Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының блогына орта білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын оқытушылардың 4-5 сағат жүктемемен жұмыс атқаруына байланысты және мұғалімдердің қандай негізде жұмысқа орналасуға болатындығы жөнінде жазған арызының аудандық прокуратурамен қаралды. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 52-бабының 7-тармағына сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін 18 сағат болып белгіленетіндігі көрсетілген. Әрине, қазіргі таңда аудандық білім беру орындарында мұғалімдердің 4-5 сағатпен істеп жүргені бар. Заң талабына сәйкес мектеп директоры мұғалімнің 4-5 сағатын 18 сағатқа толтыруға шаралар қолдану керек. Дегенмен, жаңадан жұмысқа қабылданар алдында мұғалімдер 4-5 сағаттық жұмысқа тұруды өз еркімен қалайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының талабына сәйкес, мұғалім болып жұмыс жасау үшін тиісті бейіні бойынша мамандығы туралы білім алғанын растайтын құжаты, яғни, дипломы болуы қажет. Дипломсыз мұғалімдік жұмысқа алу заң бұзушылық болып табылатындығын түсндіремін. Аудандық прокуратурамен берілген жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокуратура органдарына немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңіз туралы заң талаптарын түсіндіремін.
  • Сұрақ №: 6562
    Дата: 11.02.2014 11:53:14
    Аты-жөні: Жусупов нурхан
    Сұрақ:
    Қызылорда қаласының прокуроры Ә.Абдуллаевқа Мен Жусупов Нурхан Умирханович Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округы, Жақыпбек Махамбетов аулы, Төлеби Құрманбаев көшесі №35 үйдің тұрғынымын. 2013 жылдың 30-желтоқсанында Мұхамбетжан Жанатбек деген азамат мені жеке өз машинасымен әдейі келіп, қағып кеткен болатын. Мен осы күні жол полициясына шағымданып, олар азамат Мұхамбетжан Жанатбектің жеке машинасын суретке түсіріп алып кеткен болатын, және сот медициналық сараптамадан қақаны туралы растама анықтамада тапсырған болатынмын. Міне осы уақытқа дейін жол полиция қызметкерлерінің жауапсыздығынан осы арызым түрлі себептермен сот орындарына жіберілмей отыр. Осыған байланысты Сізден өз тарапыңыздан шара қолдануыңызды сұраймын. Байланыс телефондар: 21-17-95; 87029290001; 87059502682 Жусупов Н
    Жауап күні:
    2014-03-05
    Жауап:
    ответ
  • Сұрақ №: 6553
    Дата: 10.02.2014 21:38:10
    Аты-жөні: Нурманова Айдана
    Сұрақ:
    Біздер,Жосалы,Қармақшы ауданынынң тұрғындары,сізге шағым айтуға,себебі біздің балаларымыз № 21 Тоғжан балабақшасына барады.Балабақша мұздай,балдарымыз жиі ауырады,беретін тамағы рожки ботқа мен капуста суптан басқа дым жоқ,жеміс жидекті қыс түгілі жаздада көрмей.Ай сайынғы жинайтын ақшамыз 5000тг.,бала бір күнде 250 тг.тамағын жеу керек болса,беретіндері сол,завхозының Сержанова Мирамкүлдің жеке кафесі бар,бүкіл детсадтың тамағын кафесіне апарып сатад,біз көргеніміз,ал көрмегеніміз қаншама.Кешке аспазшы пакет пакет болып арқаланып шығады,сол балдардың тамағы емей не дейсіз.Ауылдың сэсы қайаққа карап отқанын,айта айта мезі болдық.
    Жауап күні:
    2014-02-12
    Жауап:
    Коллективная жалоба жителей Кармакшинского района
  • Сұрақ №: 6420
    Дата: 04.02.2014 22:36:45
    Аты-жөні: Нурманова Айдана
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба прокурор мырза.Сізге хат жолдап отырған бір топ ата ана.Біздің балдарымыз № 20 Тоғжан деген балабақшаға барады.Айтайын дегеніміз,балабақшада балдарымыз ботқа,капуста суптан басқа ешнәрсе жемейді,ағарған,жеміс жидек деген атымен жоқ,салаттар қыс түгілі жаздада болмайды.Ай сайынғы арна пұлымыз 5000теңге,бір бала бір күнде 250тенгенін тамағын жеу керек болса,беретін тамақтары осы.Балабақша мұздай,балдарымыз аурушаң,тазалығын айтпайақ қояйық. Барлық балабақшада жарнапұл 5000тг.,бірақ олардың тамағы жақсы.Осы балабқшаға ешкімнің әлі келмей ақ қойды,Сіздер ретке келтіретін шығар деген үмітте хат жолдап отырған.
    Жауап күні:
    2014-02-07
    Жауап:
    Нурманованың блогтан тускен арызы жолданады

Беттер