Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 4726
    Дата: 07.11.2013 12:43:58
    Аты-жөні: № 15 мектеп № 15 мектеп лицей
    Сұрақ:
    Саламатсызба! прокурор мырза. Біз Қызылорда қаласында орналасқан № 15 мектеп - лицейдің бір топ мұғалімдеріміз.Біз бұрынғы директор Ежетаева Күләштің 4 жыл директор болғандағы былықтарын айтып, сізден әділ шешім қабылдауыңызды сұраймыз,Ежетаева ханым өзінің туған қайнысының баласы Қайрат Абдиевты ешқандай педагогикалық дипломы жоқ, еш жерде сырттайда оқымайтын.Қайрат Абдиевты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі етіп жұмысқа алды. али де жұмыс істеп келе жатыр, ол олма оған жоғары оқу орнын бітірген жас маманға төлейтін айлық төлеп келді.60 мың теңге алады осы әділдікпе? 2011 жылдың басынан, 2012 жылдың қараша айына дейін жұмысқа тамыр таныспен алған 7, 8 үйірме жетекшілеріне күнделделікті сабақ беріп жүрген мұғалімдерге қанша айлық төлесе, үйірме жетекшілеріне сондай айлық төлеп келген.Біздің мектепке Мөрәлі Шәменовтың атын берсе болады, себебі мектептің жұмысшысы мен қарауылына дейін Сол Шәменов ауылынан. Себебі Ежетаева ханымның орынбасарлары Искаков Мұхтар мен Мұстақұл Көшербай сол Шәменов ауылынан. осы екі орынбасар өз таныстарын жұмысқа алып олардан ақша алып, директормен арада делдал.Бұған дәлел ретінде төмендегі тізімді келтіре аламыз, Нұрмаханов Нұрбек ( Шәменов ауылынан) Бегімова Майра ( Шәменов ауылынан) Кіребаева Жанар ( Шәменов ауылынан) Басанов Нұрлан ( Шәменов ауылынан) Мұстақұлов Мырзабай ( Шәменов ауылынан)т.б. Ал директордың өз таныстары да толып жатыр.Жаханова Лаура (бухалтер) Жолбаева Маргарита ( Мұрағатшы) Торы Әсел ( менеджер) Дүйсеков Бауыржан ( мұғалім) т.б осындай тізімдер жаза берсек 30 ға жетіп қалады,Ежетаеваның кеткеніне қуандық. Себебі мектеп бұрынғы білім сапасынан айырылып қалды. Үміт Қажығалиқызының кереметтей жұмыстарын арі қарай алып кете алмады.Оқу жылының басында дене тәрбиесі пәнінің мұғаліміне сағат жоқ қысқарды деп өтірік айтып, Биыл ғана жоғары оқу орнына сырттай тускен танысы дүйсековты жұмысқа алды. осы әділдікпе?Үміт Қажығалиқызының кезінде біздің мектептің білім сапасымен тіпті Қазақ түрік лицейіде таласа алмайтын.ал Ежетаева ханым өз қалтасын ойлап мектептің имеджін құртты.Осы жайдың ақ қарасын анықтап тиісті шараларды жасауыңызды сұраймыз, Сау болыңыз!
    Жауап күні:
    2013-12-06
    Жауап:
    справка по результатам рассмотрения анонимного заявления А Н Ы Қ Т А М А №15 мектеп-лицейдің бұрыңғы директоры К.Ежетаеваның заңсыз әрекеттері жөнінде ҚР Бас Прокуратурасының блогына түскен арыз иесі бүркемеленген арыздың қаралу нәтижесі жөнінде « » желтоқсан 2013 жыл Қызылорда қаласы Қызылорда қалалық прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының блогына Қызылорда қаласында орналасқан №15 мектеп-лицейдің бұрыңғы директоры К.Ежетаеваның заңсыз әрекеттері жөнінде жазылған арыз иесі бүркемеленген арызға сәйкес тексеру жүргізіліп, нәтижесімен төмендегі мән-жайлар анықталды. Арыз мазмұнында, мектепке қабылданған жекелеген мұғалімдердің педагогикалық білімі болмаса да және оқу орындарында сырттай оқымайтындығына қарамастан мұғілімдік қызметке қабылданғандығы, мектеп-лицейге үйірме жетекшісі болып қабылданған қызметкерлерге күнделікті сабақ беріп жүрген мұғалімдермен тең айлық жалақы төлеп келгендігі, мектеп директоры К.Ежетаева, директор орынбасарлары М.Искаков пен К.Мұстақұл өз жерлестерін ақша алып жұмысқа орналастыратындығы және сағат жүктемесі дұрыс берілмейтіндігі көрсетілген. Осы орайда, қалалық прокуратурамен Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаменті мамандарының қатысуымен жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген тексеру барысында, арызда көрсетілген мектеп-лицейдің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қ.Абдиев 01.12.2010 жылдан бастап аталған қызметті атқаратындығы және қазіргі таңда «Болашақ» университетінің «Педагогика» факультетінің «Денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 5-курсында сырттай оқитындығы анықталды. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдері Н.Нұрмахановтың, М. Бегімованың, Ә. Торының, Б. Дүйсековтың, мектеп лаборанты Ж. Кіребаеваның, жұмысшы Н.Басановтың, қарауыл М.Мұстақұловтың, мұрағатшы М.Жолбаеваның жұмысқа қабылдану және өз мамандықтары бойынша жұмыс жасау жағдайы тексеріліп, нәтижесімен аталған қызметкерлердің жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде бос жұмыс орындарына орналасқаны және мектеп-лицей мұғалімдерінің мамандықтарына сәйкес қызмет атқарып жатқандығы белгілі болды. Бұдан бөлек, мектеп-лицейдің бұрыңғы директоры К.Ежетаеваның, мектеп директорының орынбасарлары М.Искаков пен К.Мұстақұлдың мектепке жұмысқа қабылдау үшін ақшалай сыйақы алатындығы жөнінде көрсетілген уәждердің шынайылығын анықтау мақсатында мектеп-лицей қызметкерлерінен қала прокуроры атына көрсету алынып, нәтижесінде мектеп-лицей мұғалімдері аталған уәждерге келіспейтіндіктерін және жұмысқа жолдама негізінде орналасуларына байланысты мектеп әкімшілігіне ақшалай сыйақы бермегендіктерін көрсеткен. Өз кезегінде, мектеп-лицейдің бұрыңғы директоры К.Ежетаевада жоғарыда аталған мазмұнда көрсетім беріп, арызда көрсетілген уәждерге келіспейтіндігін, себебі, мектеп-лицейге қызметкерлерді бос жұмыс орындарына жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде қабылдап, барлық мектеп мұғалімдеріне сағат жүктемесін заң талаптарына сәйкес беріп отырғандығын білдірген. Сонымен бірге, мамандардың тексеру қорытындысына сәйкес, мектеп-лицей қызметкерлеріне 2012-2013, 2013-2014 оқу жылдары сағат жүктемелері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 52 бабының талаптарына сәйкес 18 сағаттан бөлінгендігі анықталды. Ал, арызда көрсетілген мектеп-лицейге үйірме жетекшісі болып қабылданған қызметкерлерге күнделікті сабақ беріп жүрген мұғалімдермен және жоғарғы білім жоқ қызметкерлерге жоғарғы білімі бар қызметкерлермен тең айлық жалақы төлеп келгендігі жөнінде уәждерге байланысты тексеру жұмыстары Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментімен тағайындалған тексеру бойынша «Серпін Аудит» ЖШС-нің мамандарымен тексеру жүргізілуіне байланысты, қалалық прокуратурамен тексеру жүргізуге мүмкіндік болмағандығын хабарлаймын. Сондай-ақ, қалалық прокуратурамен берілген жауапқа келіспеген жағдайда, жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы екендіктеріңізді түсіндіремін. Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі А. Абдыкаримов
  • Сұрақ №: 4670
    Дата: 04.11.2013 16:52:38
    Аты-жөні: Жетписбаев Конысбек
    Сұрақ:
    Қзылорда облысы прокурорына. Мәлімет үшін: Қзылорда қаласы прокуроры Ә. Абдуллаевқа. Қзылорда облысы сот актлерін орындау департаментінің басшысы Д. Жанұзақовқа Өндіріп алушы- Жетписбаев Қонысбектен.Арал қаласы,Жангелдин көшесі,№6. Тел:872433-2-46-28. 87759695340. 87074736152 Zkonusbek@mail.ru Өтінім Қызылорда қалалық сотының судьясы- Ж.Ә.Оспанованың,талапкер-Жетписбаев Қонысбектің жауапкер-«ВН Инжиниринг»ЖШС-нен еңбекакы,еңбек демалысын пайдаланбағаны үшін өтемақы және төлемерді кешіктіргені үшін өсімпұл өндіру туралы талап-арызы бойынша 2013жылғы 04 ма- мырдағы шешімі негізінде Жетписбаевтің пайдасына «ВН Инжиниринг» ЖШС нен барлығы 406990 тенге (393143+13843) өндірілуі тиіс, оның ішінде 160200 тенге еңбекақы өндіру туралы атқару парағы 06.05.2013ж дереу орындауға жолданып, сот орындаушы- Абзаловқа, одан Е.Елубайұлына, одан алынып, Р. Оспановқа берілген. Аталған тұлғалардың ешқайысысы, қанша рет барсам да, бірі-біріне сілтеп, атқарушылық іс барысымен мені таныстыра алмады. Өйткені, 2012 ж 14 қарашада бекітілген № 356 «Инструкция по приему, учету исполнительного документа и хранения исполнительного производства» талаптары сақталмағандықтан, іс құжаттарын табу мүм- кін болмады. Шешім 17.07.2013 ж. заңды күшіне толық енді. Атқару парақтары 23.07.2013ж беріліп,13.08.2013ж Қызылорда облысы, сот актлерін орындау департаметіне орындауға өткізілді. 406990 тенге өн- діру туралы атқару парақтары сот орындаушы-У.Буганаевқа атқаруға беріліп, №12373/12374-13-43 атқарушылық өндірістік іс қозғалған. Алайда,қозғау туралы қаулысын және өз еркімен орындау туралы ұсынысын борышкер-«ВН ИНЖИНИРИНГ»ЖШС-нің директоры- Б.Серга- зиевке уақытында рәсімдеп тапсырмаған..Борышкер атқарушылық іс бойынша реестрге кіргізілмеген. Борышкердің меншігіндегі автокранның Арал қаласында тұрғанын хабарлап, тиісті атқарушылық әрекет жасауды сұрап жазған менің хабарламамның негізінде сот орын- даушы-Буганаев 29.08.2013ж. атқару парағын аумақ бойынша жолдау туралы қаулысын шығарған. Алайда, атқару құжаттарын заңда көрсетілген 3күн емес, 13 күннен кейін почтаға тапсырған. «ВН Инжиниринг» ЖШС Қызылорда қаласында тіркелген,басқару органы Қызылорда қаласы, «Сәулет» тұрғын ауданы,221 квартал,323,324 учаскеде,өндірістік базасы М.Шохай №6 үйде орналасқан. Барлық мүлкі Қызылорда қаласындағы мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген. Ал,жалғыз құрылтайшы, әрі директоры-Б. Сергазиев, Көшербаев көшесі, 155 уйде тұрады. Осыған қарамастан У. Буганаев, ешқандай нақты орындаушылық іс-әрекет жасамай-ақ, атқарушылылық іс өндірісін Арал бөлімшесіне ысырып тастап, өз міндетін орындамаған.Буганаевтің қаулысының негізсіздігі, шығарылған қаулының уақытысында почтаға тапсырылмағандығы және атқарушылық іс-әрекеттерінің уақытылы орындалмауы туралы Қызылорда қаласы прокурорына прокурорлық шара қолдануды сұрап шағымданған едім. 17.10,13ж. қала прокурорының орынбасары .Е. Әжібековтен жауап-хат алдым. Онда, У. Буганаев- тың іс-әрекеттері «заңға сәйкес орындалған»- деп көрсетіпті.Ал,Арал ауданы прокурорының жауабы, қала прокурорының жауабымен қайшы болып отыр. Атқарушылық іс құжаттары Арал ауданы аумақтық бөліміне 19.09.13ж.(21 күннен кейін)түскен. Алайда, аға сот орындаушы-Ж.Ерханов «бұл менің жұмысым емес»- деп, 01.10.13ж.(12күн бойы)еш- қандай орындаушылық әрекет жасамаған соң, Арал ауданы прокурорына шағыммен жүгіндім. Соның нәтижесінде Арал қаласы, Жансүгіров көшесі 27- үйде тұрған автокранға акті жсап, мөрлетуге қол жеткіздім. Бірақ, 09.10.2013ж.Ерқанов атқарушылық құжатты қайтадан Қызылорда аумақтық бөлімі филиалына жолдау туралы қаулы қабылдап, 10.10.13ж.почта арқылы жіберді. 26.10.13ж.Арал ауда- нының прокуроры-Б.Тоқмырзаның жауап-хатын алдым. Онда, «Ерхановтың әрекетінде заң бұзушы –лық жоқ, атқару әрекеттері Қызылорда аумақтық бөлімінің сот орындаушыларымен жүргізілуі тиіс»-деп көрсетілген. Сөйтіп, екі түрлі жауап алып отырмын. Қазіргі таңда, жіберілген құжаттың 18.10.13ж.адресатқа тапсырылғандығын почтадан білдім , бірақ,Қызылорда аумақтық бөліміндегілерден ешқандай ақпарат ала алмай отырмын. Шарапова(27-01-60)мен канцеляриядағылар(20-26-51) Н.Сайымовқа сілтейді,ал ол телефонын(27-01-54) көтермей- ді. Жоғарыда баяндалғандарды бағамдасақ, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушы- лардың мәртебесі туралы» КР заңының 52 бабын және 126 бабының 17 тармағын орындауда біркелкі түсінік жоқ және сот орындаушылардың өз қызыметіне салғырттығы басым.Заңдарды және орындау ережелері мен әдістемелерін оқымайтындығы аңғарылады.Осының салдарынан сот шешімінің орын- далу мерзімі өтіп кетті.(13.08-14.10.2013ж) Сұраймын: 1) Заның 52 бабының талаптарына түсіндірме ( қай прокурордікі жауапты әзірлеген Қызылорда прокурорынын көмекшісі- Э.Пернебек , Аралдық-С. Жетпісбаев дұрыс) .2) Автокранды бағалап, сатуға шығаруға нұсқау беруіңізді сұраймын. Өндіріп алушы:__________________ Жетписбаев Қонысбек.
    Жауап күні:
    2013-12-09
    Жауап:
    ВН Инжиниринг ЖШС-нен акша ондиру туралы
  • Сұрақ №: 4669
    Дата: 04.11.2013 16:27:55

    2013-11-29
    Жауап:
    Қ. Жетписбаевқа Жангелдин көшесі, №6 Арал қаласы, Қызылорда облысы Облыс прокуратурасымен Сіздің борышкер «ВН Инжиниринг» ЖШС-нен еңбекақы, еңбек демалысын пайдаланбағаныңыз үшін өтемақы және төлемдерді кешіктіргені үшін өсімпұл өндіру туралы сот шешімінің орындалуына ықпал жасауды сұраған өтінішіңіз қаралды. Анықталғаны, тиісті сот актілері негізінде 27.02.2013 жылы мемлекеттік сот орындаушысы У.Буганаевпен атқарушылық іс жүргізу қозғалып, борышкердің атына тіркелген автокөліктеріне тыйым салынған. Дегенмен, борышкердің атындағы тыйым салынған КАМАЗ автокөлігі қазіргі уақытта Арал ауданы Жансүгүров көшесі, 27 мекен-жайында тұрғаны анықталғанымен, осы күнге дейін аталған мүліктен өндіру әрекеттері жүргізілмегені анықталды. Бірақ, атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруды созбалаңға салған мемлекеттік сот орындаушысы У.Буганаев қызметтен босатылуына байланысты, оның тәртіптік жауапкершілігін шешу мүмкін емес. Өтінішіңізді қарау нәтижесімен Қызылорда қаласы прокуратурасымен облыстық сот актілерін орындау департаментіне борышкердің мүлкін сауда-саттыққа шығару арқылы атқарушылық құжаттың нақты орындалуын қамтамасыз ету арқылы заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, оның орындалуы бақылауға алынғанын хабарлаймын. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, жоғарғы тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Облыс прокурорының орынбасары Р. Райханов орынд.Б.Елшібеков тел.27-02-01
  • Сұрақ №: 4397
    Дата: 20.10.2013 21:47:36
    Аты-жөні: Тәжекеева Нағима
    Сұрақ:
    17.09.13ж облыс прокуроры С Нүрпейісовтың қабылдауында болып арыз бердім.Оыс күнге дейін арызыма ешқандай жауап берілген жоқ.Прокурор мырза осыған қарағанда сіздің қызметкерлеріңіз істі жәй қарап жатқан сияқты!Менің арызымның жауабы қашан беріледі?
    Жауап күні:
    2013-10-30
    Жауап:
    Ответ по Тажекеевой Н
  • Сұрақ №: 3981
    Дата: 23.09.2013 16:08:55
    Аты-жөні: Абишева Аяжан
    Сұрақ:
    Саламатсызба.менин сурагым мынандай мен ажырасканмын бурынгы жолдасым сол кызылорда каласы жалагаш ауданында турады,сол жак сот окилдерине арыз жазгам бирак еш шара колданбады али кунге дейн балага алимент толенбеди.кандай шара колдануга болады
    Жауап күні:
    2013-10-10
    Жауап:
    А. Абишеваға Шығыс Қазақстан облысы Облыс прокуратурасымен Сіздің борышкер Д.Тілемісовтен алимент берешегін өндіруге шара көруді сұраған өтінішіңіз бойынша тексеру ұйымдастырылды. Тексеру нәтижесімен Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық сотының борышкерден Сіздің пайдаңызға ¼ бөлікте алимент өндіру туралы 13.12.2012 жылғы сот бұйрығы негізінде Қызылорда облысы сот актілерін орындау департаментінің Жалағаш аудандық бөлімінің аға сот орындаушысы Ж.Саткеевамен 04.01.2013 жылы атқарушылық іс жүргізу қозғалғанымен, тиісті атқару әрекеттері уақытылы жүргізілмей созбалаңға салынғаны анықталды. Атап айтқанда, Д.Тілемісов 2013 жылдың сәуір айына дейін тұрақты жұмыспен қамтылғанымен (қазіргі уақытта жұмыссыз), сот орындаушылармен оның жалақысынан дер кезінде өндіруге шаралар көрілмеген. Тиісінше, Д.Тілемісов сот бұйрығын қасақана орындамағаны үшін, Жалағаш ауданы прокуратурасымен 07.10.2013 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 524-бабымен әкімшілік іс қозғалып, соттың сол күнгі қаулысымен борышкерге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынса, заң бұзушылықтарға жол берген сот орындаушының тәртіптік жауапкершілігін шешу туралы облыстық сот актілерін орындау Департаментіне ұсыныс енгізілді. Сонымен бірге, прокуратураның ықпалымен борышкер 09.10.2013 жылы Сіздің есеп шотыңызға осы жылдың тамыз айына дейінгі берешегі 57 162 теңгесін аударса, қалған 9300 теңгесін және алдағы уақытқа есептелетін алимент төлемдерін ай сайын 4200 теңгеден аударып отыруға міндеттеме берген. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, жоғарғы тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Облыс прокурорының орынбасары Р. Райханов орынд.: Б.Елшібеков тел.: 270201

Беттер