15 тоннадан аса сексеуіл ағашын сатпақ болғандар құрықталды

26 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
15 тоннадан аса сексеуіл ағашын сатпақ болғандар құрықталды  - 122073351

Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуратурасы сексеуіл ағашын заңсыз кесіп және оны сатпақ болған бірнеше адамды оқиға орнында ұстады. Осы жылдың желтоқсан айының 16-даСырдарияауданы, Айдарлы ауылының шығаберісінде, сол ауылдың тұрғыны «К» есімді азаматтыңбасқаруындағысексеуіл ағашын тиеген «Газ-53» жүк көлігі тоқтатылды.

Тексеріс барысында 5 тоннадан астам сексеуіл ағашын кесуге және тасымалдауға рұқсатының жоқтығы анықталды.

Сол күніШиелі ауданы, 1-мамыр ауылының, Итатқан өңірінің тұрғындары азамат «Ж», «Т» және «Т», сол ауылдың тұсында «Зил»жүк көлігіне6 тонна сексеуіл ағашын тиепкеле жатқан жерінен ұсталған.

Сондай-ақ, іс-шара жүргізу барысында 15.12.2019ж. күнісексеуіл ағашын кесіп, майдалап дайындап, қала аумағында сату мақсатында тасымалдаумен айналысатын Сырдария ауданы, Амангелді ауылының тұрғындары азамат «И» және «Б» «Газель» автокөлігіне 100 қап сексеуіл ағашын тиеп келе жатқан жеріненқұрықталды.

Осылайша, жоғарыда аталған тұлғалармен 15 тоннадан астам сексеуіл ағашы заңсыз кесілген.

Құрықталған жүк автокөліктері айыппұл тұрақтарына жеткізілді.

         Аталған фактілер Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, тиісті процестік шешім қабылдау үшін Сырдария және Шиелі полиция бөлімшесіне жолданды.

         Қазіргі таңда соңғылармен тексеру жұмыстары жүргізілуде.

  Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасы

 

15 тоннадан аса сексеуіл ағашын сатпақ болғандар құрықталды  - 187472804
15 тоннадан аса сексеуіл ағашын сатпақ болғандар құрықталды  - 935929327
15 тоннадан аса сексеуіл ағашын сатпақ болғандар құрықталды  - 1822768300