Ағымдағы жылдың 11 айында қылмыс 17%-ға төмендеді

04 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ағымдағы жылдың 11 айында қылмыс 17%-ға төмендеді  - 1659987650

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері Қызылорда облыстық прокуратурасының алқа мәжілісінде қаралып, қылмыспен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар айқындалды.

Қылмыспен күрестегі проблемалық мәселелер бұған дейін облыс әкімінің қатысуыменведомствоаралық мәжілісте талқыланып, профилактиканың кешенді жоспары қайта бекітілді.

Облыстық прокуратурамен қылмысқа бейім адамдардың тізімі жасақталып,3 мыңнан астам адам тәуекел топтарына енгізілді.

Қазіргі уақытта олардың тұрмыс-тіршілігі уәкілетті орган өкілдерінен құралған жұмыс тобының күнделікті бақылауында.

Нәтижесінде ағымдағы жылдың 11 айында өңіріміздегі қылмыс 17%-ға төмендеді (7482-ден 6199-ға).

Бұл бағытта ұйымдастырылған шаралар өз нәтижесін беруде.

Дегенмен, жекелеген жағдайларда профилактикалық шаралар формальды атқарылуда.

Пробациялық бақылау жұмыстарының әлсіздігінен бұрын сотты болған 33 (35) адам қайталап қылмыс жасаған.

Прокурорлық тексерумен полиция қызметкерлерінің 10-нан астам құқық бұзушыға қасақана шара қолданбағаны анықталған.

5,5 мыңнан астам электронды хаттамалар бойынша шешім қабылданбай, құқық бұзған әрбір 10-шы тұлға жауаптылықтан заңсыз босатылған.

Аталған мәселелер алқа отырысында кеңінен талқыланып, құзырлы органдарға құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы тиісті тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Ағымдағы жылдың 11 айында қылмыс 17%-ға төмендеді  - 728842958
Ағымдағы жылдың 11 айында қылмыс 17%-ға төмендеді  - 1714250647
Ағымдағы жылдың 11 айында қылмыс 17%-ға төмендеді  - 2138007210
Ағымдағы жылдың 11 айында қылмыс 17%-ға төмендеді  - 945584236
Ағымдағы жылдың 11 айында қылмыс 17%-ға төмендеді  - 1240609554

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу