Атқарушылық өндірістер бойынша қадағалау

14 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Байқоңыр қалалық прокуратурасының бастамасымен прокурорлар, аймақтың мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, ҚР ІІМ-нің Өкілдігінің және Пробация бөлімінің қызметкерлерінен мобильдік топ құрамы жасақталды.

Топтың мақсаты мемлекет пайдасына қаржының өндірілуін жүзеге асыру және алименттен жалтарып жүрген азаматтарға шара көру болып табылады.

Бұл орайда атқарушылық өндірістер бойынша жұмыс жоспары әзірленіп, рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Жыл басынан қалада ақша қаражатын өндіру жөніндегі 2,5 мың атқарушылық өндірістер бойынша өтелмеген қарыздар қалыптасқандығын, оның ішінде 44 млн. теңге шамасында мемлекет пайдасына екендігін атап өткен жөн.

Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде 387 атқару құжаттарының нақты орындалуына қол жеткізіліп, 8,5 млн. теңгеден астам ақша қаражаты өндірілді.

Алимент төлеуден жалтарған 10 борышкерге қатысты әкімшілік қамаққа алу шарасы қолданылса, 2-і әкімшілік айыппұлға тартылды.

Сонымен қатар, халықпен құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жергілікті тұрғындар әкімдіктерге шақыртылып, оларға сот актілерін және алимент пен бюджетке төленуге жататын өзге де төлемдер бойынша атқарушылық өндірістерді орындамағандығы үшін заңмен көзделген жауапкершілік туралы түсіндірілді.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу