Атқарылған жұмыстар қорытындыланды

10 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атқарылған жұмыстар қорытындыланды - 1570495537

    Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостaндықтарын, сондай-ақ қоғaм мен мемлекеттің зaңмен қорғалатын мүдделерін қорғау – прокуратура қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.

 

     Осы бағытта Жалағаш аудандық прокуратурасы биылғы жартыжылдықты табысты қорытындылады.

    Бірінші жартыжылдықта қадағалау аумағы бойынша электронды форматта 82 қылмыстық іс тіркеліп, оларды тергеп-тексеру нәтижесімен елу пайыздан астамы сотқа жолданды. Аудан прокуратурасының ықпалымен электронды нысанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделіп, электронды жүйеге қойылды.

    Күнделікті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне мониторинг жүргізіліп, арыздар мен хабарламалардың тіркелуі бір жүйеге қойылды және олардың заңдылығы үздіксіз тексеріліп отырады. Соның нәтижесінде биыл қылмыстың тіркелуі бірнеше пайызға төмендеді. Ал жекелеген қылмыстардың өсуі бойынша аудан әкімдігі жанында жоспардан тыс «Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында» ведомство басшыларының қатысуымен тұрақты түрде жиналыс өткізіліп, тиісті шаралар белгіленді.

  Адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда атқарылған кешенді шаралар аясында заңсыз қамау, ұстау, жауапкершілікке тарту деректеріне жол берілген жоқ. Есепті мерзімде заңсыз және алдын-ала шешім қабылдау деректерінің азаюына қол жеткізіліп, қабылданған шешімдердің сотқа жолдану тиімділігі көтерілді.

  Тағы бір айта кетерлігі жүргізілген талдау бойынша тұрғын үйге мұқтаж және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тізіміне 23 заңды өкілдері есепке қойылғаны анықталды. Прокуратураның ұсынуымен балалар тұрғын үй алуға кезектілікке қойылып, конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

     Жүргізілген талдаумен аудан аймағындағы 1142 азаматтық қызметкерлердің ауыр немесе зиян жағдайда жұмыс жасағаны үшін қосымша ақы алуға құқықтары шектелгені анықталып, қайта қалпына келтірілді. Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінде еңбек мигранттарының тіркелу заңдылығына жүргізген тексерумен 84 шетел азаматтарының ақылы түрде орталық ауруханадан медициналық анықтамалар алмай, АПБ-не тіркелу кезінде жалған медициналық анықтамаларды өткізгені белгілі болды.

    Енгізілген ұсыну негізінде 13 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылып, мемлекет бюджетіне 231 000 теңге қаржы өндірілді.

  Ал игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсаттағы жалпы көлемі 232 га жер учаскесі мемлекет иелігіне қайтарылса, мақсатына сай пайдаланбаған 7 жер учаскесінің мақсаты өзгертіліп, бюджетке тиісті қаржы өндіру негізінде жұмыстар жүргізілді.

  Салықтардың толық әрі мерзімінде түсу жағдайын талдаумен, аудан аумағында көлік және мүліктік кірістен түсуі тиіс салықтардан 35,4 млн теңгеге салықтық бересі туындағаны анықталып, прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Қазіргі таңда өндіру жұмыстары жүргізілуде.                   Азаматтық және Әкімшілік істер бойынша да тиісті жұмыстар атқарылып, қадағалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді. Атқарушылық іс жүргізу өндірісінің заңдылығын қадағалау бағыты прокурорлық ықпал ету актілері негізінде 195 атқарушылық өндіріс бойынша мемлекет пайдасына 4 262 360 теңге өндірілді. Сонымен бірге 1 өндіріс 2 млн теңгеге ішінара орындалды.

   Үкімнің орындалуын қадағалауда аудандық пробация қызметіне жүргізілген талдау нәтижесімен 10 заң бұзушылық анықталды. Алайда бұл кемшіліктер дер кезінде жойылды. Есепті мерзімде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмектердің көрсетілуіне қадағалау күшейтіліп, енгізілген ықпал ету актісі негізінде 8 сотталған жұмыспен қамтылды. Ал 6 адамға құқықтық көмек көрсетіліп, 2 адам қайта даярлау курстарынан өтті.

Жалағаш ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу