Азаматтардың денсаулығын сақтау құқықтары қорғалды

19 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қармақшы аудандық прокуратурасы жұмыс берушілер тарапынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлемеу дерегін анықтады.

Заңға сәйкес, 2018 жылдан бастап жұмыс берушілер кірістің 1,5% көлемінде ай сайын сақтандыру жарналарын төлеуге міндетті.  

Алайда, аудан бойынша 44 жұмыс беруші 690 жұмыскердің жарналарын сақтандыру қорына төлемей, міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке деген құқықтарын шектеген.  

Прокурорлық ықпал ету шараларымен бүгінгі таңда  жұмыс берушілердің 313 жұмысшыға 1,5 млн. тенге жарналарының төленуін қамтамасыз етті.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу