Байқоңыр қаласының прокуратурасымен рейдтік шаралар ұйымдастырылды

13 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Байқоңыр қаласының прокуратурасымен рейдтік шаралар ұйымдастырылды - 1143163335

   Байқоңыр қаласының прокуратурасы Ресейлік әріптестермен бірлесіп, РФ ІІМ-нің «Байқоңыр» кешеніндегі басқармасы мен ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігімен қылмыстылықтың алдын алу мақсатында бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырды.

    Шара ағымдағы жылдың тамыз айының 9 мен 11 аралығында түнгі уақытта Байқоңыр қаласы және Төретам кенті мен  Ақай ауылдық округі  аумағында жүргізілді.

     Бірлесіп құрылған топтар қала аумағындағы көпшілік жиналатын орындарда, сондай-ақ түнгі көңіл көтеру орындары да бақылауға алынды.

   Шараның мақсаты қылмыстылықтың алдын алу, әсіресе кәмелетке толмағандар мен бұрын сотты болған тұлғалармен жасалатын құқық бұзушылықтарды болдырмау.

   Рейд шаралары барысында түнгі мезгілде қоғамдық орындарда ата-анасының бақылауынсыз жүрген кәмелетке толмаған бірнеше бала анықталды. Оларды ата-аналарына табыстап, профилақтикалық әңгімелесу жүргізілді.

    Сондай-ақ 2003 жылы туған кәмелетке толмағанның алкогольдік масаң күйде жүруі анықталды. Әкімшілік материал жинақталды.

   Төретам кенті аумағында түнгі мезгілде бір топ жастар көшеде өздерін шулы ұстаған. Олармен әңгімелесу жүргізілгеннен кейін үйлеріне тарқады.  

   Барлығы 38 профилактикалық әңгімелесу жүргізілді. Есепке алынған 5 кәмелетке толмағандардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша болу болмауына қатысты тексеріс жүргізілді.

    Алдағы уақытта осы тектес бірлескен шараларды тұрақты негізде ұйымдастыру жоспарлануда.  

                                                                                     Байқоңыр қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу