Білім мекемесі қауіпті заттардан тазартылды

15 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Білім мекемесі қауіпті заттардан тазартылды - 406737183

Байқоңыр қаласы прокуратурасымен қадағалау аумағындағы білім беру ұйымдарының қауіпті қалдықтарды жою заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізілді.

Талдау барысында бірқатар білім беру ұйымдарында құрамында сынабы бар, пайдалану мерзімі өткен, жойылуға жататын 2530 дана люминесцентті шамдардың біршама уақыттан бері жойылмай, заңсыз сақталып келгендігі анықталды.

Сынап пен оның қоспаларында, адам ағзасында жиналуға және ағзасына зиян келтіруге қабілетті аса қауіпті уыттылығы жоғары заттар бар. Созылмалы уланудың өрбуінде сынаптың кез-келген нысандарынан құралған әртүрлі бұйымдардан, оның ішінде құрамында сынабы бар шамдардан бөлініп шығатын сынап булары аса қауіп төндіреді.

ҚР Экологиялық кодекстің 293-бабының 2-1 бөлігіне сәйкес, құрамында сынабы бар қалдықтар бөлек жиналуға және мамандандырылған кәсіпорындарға кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге тапсырылуға тиіс.

Осыған қарамастан, білім беру ұйымдары аталған заң талаптарын басшылыққа алмай, қауіпті қалдықтарды мектеп ғимаратында заңсыз сақтаған және осының салдарынан 8 049 оқушы мен  1307 қызметкердің конституциямен кепілдік берілген құқықтарының бұзылуына жол берілген.

Талдау нәтижесімен прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліп, нәтижесінде білім бөлімімен арнайы мекеме арасында келісім-шарт жасалып, қауіпті қалдықтар жойылды.

Байқоңыр қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу