ХАБАРЛАНДЫРУ

17 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ХАБАРЛАНДЫРУ - 1790403803

Құрметті облыс тұрғындары!

Үстіміздегі жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия  деп жариялады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында 16.03.2020 жылдың сағат 08:00-ден 15.04.2020 жылдың сағат 07:00-ге дейінгі кезеңінде төтенше жағдай енгізілді.

Осыған орай, прокуратура органдарында және Құқық қорғау қызметтері орталығында азаматтарды жеке қабылдау уақытша тоқтатылды.

Коронавирустың таралу қаупін азайту мақсатында прокуратура органдарына тек жазбаша түрде жүгінуге, оның ішінде прокуратурада орналасқан хат-хабар қабылдауға арналған жәшіктер арқылы немесе электрондық форматта жүгінуге болатындығын хабарлаймыз. (Call-орталық  115)

Жазбаша түрдегі өтініштердің бірегей нөмірі туралы мәліметтерді прокуратураның  27-77-47, 27-66-45 байланыс нөмірлеріне хабарласып алуға болады.

Қызылорда облысының прокуратурасы