ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды

04 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды - 342841272

     Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы Қызылорда облысының прокуроры Н.Бижановтың төрағалығымен прокуратура қызметкерлері арасында кеңінен талқыланды.

   Қызылорда облысы прокуратурасында өткен жиында қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Н.Тұрғанбай Жолдауда көрсетілген басты міндеттердің орындалу барысы туралы баяндама жасап, азаматтардың негізгі құқықтары, әлеуметтік жәрдемақылардың уақытылы төленуі және тұрғындардың сауалдары бойынша атқарылған жұмыстардың есебін берді.   

     Қоғамдық диалог, ашықтық, халықпен тиімді кері байланыс орнату мақсатында 2019 жылдың тамыз айынан бастап «Заң Керуені» ациясы ұйымдастырылып, Сырдария ауданы тұрғындарының  мұң-мұқтажы тыңдалды.

    Сақадай-сай жабдықталған браконьерлермен күресуде құқық қорғау және уәкілетті органдар қуатсыз. Осыған орай құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өзара жүйелі іс-қимыл, браконьерлікке қарсы күрестің тиімді әрі жаңа тетіктері қарастырылған бірлескен бұйрық қабылдау мәселесі облыс әкімдігіне ұсынылды.

      Шағын және орта бизнесті қорғау жұмыстары «Атамекен» палатасымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

     Облыстық прокуратураның араласуынан кейін Қызылорда қаласы әкімдігінің 07.12.2018ж. кәсіпкерлерге әкімшілік жасанды кедергілер тудырып отырған «Техникалық кеңесті құру» туралы қаулының күші жойылды.

      Прокурорлық қадағалау актісімен 384 416 адамның құқықтары, оның ішінде 226 мүгедек баланың құқығы қорғалды.

    Мысалы, Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен мүгедек балаларды үйде оқытуға арналған шығындарды есептеу барысында заңнама талаптарына қарамастан демалыс күндері есепке алынбай, салдарынан төленуге тиіс 7215 теңгенің орнына айына 6587 теңге төленіп келген.

      Прокурорлық қадағалау актісі негізінде үйде оқытылатын 115 баланың  заңды өкілдеріне өтемақы қосымша есептеліп, 2,5 млн. төленді.

    «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылысы аяқталмаған нысанға толық қаражат аудару фактісі бойынша Қазалы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы соттың 08.05.2019 жылғы үкімімен Қылмыстық кодекстің 361-бабының                1-бөлігімен кінәлі деп танылып 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.

    Осы бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыру және Президент Жолдауында көрсетілген құқық қорғау қызметкерлеріне бағытталған жаңа міндеттерді орындау мақсатында қажетті іс-жоспар айқындалды.

    Алқалы жиынды облыс прокуроры Н.Бижанов: «Жолдауда көрсетілген барлық міндеттерді орындау және жүзеге асыру баршамызға ортақ абыройлы міндет» деп қорытындылады.

 

                                                     Қызылорда облысының прокуратурасы

 

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды - 876939086
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды - 391578289

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу