Кәсіпкер құқығы қорғалды

09 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Кәсіпкер құқығы қорғалды - 324344614

    Қармақшы аудандық прокуратурасымен уәкілетті органдар тарапынан жеке және заңды тұлғаларға қатысты толтырылған әкімшілік іс құжаттарының заңдылығы зерделеніп, нәтижесінде жеке кәсіпкер Б.Хамидоваға қатысты 328 250 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулының заңсыз қабылданғаны, әрі қарай әкішілік айыппұлды мәжбүрлеп өндіру мақсатында жеке сот орындаушысына негізсіз жолданғандығы анықталды.

    Аудандық прокуратурамен жоғарыда аталған заңсыз қабылданған қаулының күшін жою жөнінде прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде заңсыз қаулының күші жойылды.

     Прокурорлық ықпал ету актісі негізінде жеке сот орындаушының өндірісіндегі кәсіпкерге қатысты қозғалған атқарушылық іс жүргізу өндірістен тоқтатылып, кәсіпкердің конституциялық құқығы қорғалды.

 

Қармақшы ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу