«Кәсіпкерлерге қызмет» акциясы өтті

11 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 «Кәсіпкерлерге қызмет» акциясы өтті - 515679159

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен «NurOtan» партиясы филиалы және кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Жаңақорған ауданында «Кәсіпкерлерге қызмет» акциясы өтті.

Жиында облыс прокуроры Н. Бижанов елімізде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы құқықтық және ұйымдастырушылық шараларына тоқталды.

Бизнес ең алдымен тұрғындарға тұрақты жұмыс береді, халықтың тұрмысын жақсартады.

Кәсіпкерлікті ашуға және оны дамытуға бағытталған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданды.

Жаңақорған ауданында 3 республикалық («Агороөнерсәсіптік кешенін дамыту», «Бизнестің жол картасы-2020», «Еңбек») және 1 облыстық («Микробизнес-Қызылорда») бағдарлама жүзеге асырылуда.

Осының аясында 4 мыңнан астам кәсіпкерге  қаржылай көмек көрсетілген.

Мысалы, «Бекарыс Агрофуд» серіктестігі «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 300 бас асыл тұқымды мал сатып алған, бордақылау алаңын ашқан.

Аталған акцияға «Даму қоры», «КазАгрофинанс», «Аграрлы несие корпорациясы», «Байқоңыр ӘКК» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ұйымдарының өкілдері қатысып, қаржылық қолдау түрлері мен шарттары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Игі шараға барлығы 340 адам қатысып, кәсіпкерлік жұмыстары бойынша сала мамандарына жүгінген 100-ге жуық азаматтың сауалдарына жауаптары беріліп, қаржыландыру және құқықтық сипаттағы жағдайлар жан-жақты түсіндірілді.

Мұндай шара облыс прокурорының ұйымдастыруымен алдағы уақытта басқа аудандарда да өткізілетін болады.

                                                     Қызылорда облысының прокуратурасы

 «Кәсіпкерлерге қызмет» акциясы өтті - 1141952948
 «Кәсіпкерлерге қызмет» акциясы өтті - 1085451562
 «Кәсіпкерлерге қызмет» акциясы өтті - 1547293824
 «Кәсіпкерлерге қызмет» акциясы өтті - 814523145
 «Кәсіпкерлерге қызмет» акциясы өтті - 551583528
 «Кәсіпкерлерге қызмет» акциясы өтті - 1840912695

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу