Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша өткізілген мәжіліс

05 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша  өткізілген мәжіліс - 957070134

Облыс прокуратурасының бастамасымен 2019 жылы жол-көлік оқиғаларына қатысты, кәмелет жасына толмағандарға қарсы, оның ішінде жыныстық тиіспеушілікке қатысты және олармен жасалған қылмыстардың алдын алуға бағытталған уәкілетті органдармен атқарылған профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін талқылауға байланысты мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске ОПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасының, білім басқармасының, денсаулық сақтау басқармасының, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері және Қызылорда қаласында орналасқан колледж, лицей және мектеп директорлары қатысты.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек өткен жылы 581 жол-көлік оқиғалары орын алып, нәтижесінде 135 адам қаза тауып, 677 адам түрлі жарақаттар алған. 

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі, яғни 41% жаяу жүргіншіні қағу деректері.

Сонымен қатар облысымызға қарасты республикалық маңызы бар жолдарда 71 жол-көлік оқиғасы орын алып, олардың салдарынан 40 адам қаза болып, 102 адам жарақат алған.

Келесі өзекті мәселенің бірі - кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасалған қылмыстар.

Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған сексуалдық сипаттағы қылмыстар жалпы тіркелген жыныстық қылмыстардың 42% құраған.

Кейбір жағдайларда күнделікті тұрмыс-тіршілікте балаларымызға, олардың өсіп дамуына, араласып жүрген ортасына назар аудармаймыз.

Былай айтқанда, ата-аналар өз шаруаларымен, ал балалар өз бетімен қалуда.

Мәселен, соңғы жылдары 15-17 жастағы қыздар ерте жүктілікке ұшырап, ата-аналарының келісімімен азаматтық отбасында өмір сүруде.

Бұған қоса, 2019 жылы кәмелетке толмағандарға қарсы 67 қылмыс тіркелген.

Оның ішінде 2 кісі өлтіру, 4 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 20 нәпсіқұмарлық сипатындағы, 4 тонау және 14 бұзақылық сынды қылмыстар болған. Өкініштісі оларға қарсы осындай ауыр қылмыстардың жасалуы.

Бұдан бөлек кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар да алаңдатушылық туғызуда.

Өткен жылы осындай 112 қылмыс тіркелген.

Кәмелетке толмағандармен қылмысқа баруы қолайсыз жанұямен тікелей байланысты.

Мұндай жанұяда бала дұрыс тәрбие алмай, өмірге дұрыс қалыптаспай, тұрмыс жайсыздығын тартады.

Осы тұрғыда әр колледж, мектеп әкімшіліктері олармен психологиялық және тәлімгерлік жұмысты жандандырып, ата-ана тарапынан тәрбиені күшейту керек.

Мәжіліс қорытындысымен қаралған мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттырып, нақты іс-шаралар атқару тапсырылды.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Қылмыстық қудалау басқармасы

 

 

Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша  өткізілген мәжіліс - 450954372
Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша  өткізілген мәжіліс - 1814091619
Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша  өткізілген мәжіліс - 999262456