Құқықтық көмек көрсетілді

24 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құқықтық көмек көрсетілді - 106817795

Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Д.Катаевтың төрағалық етуімен пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен кездесу өтті.

Кездесу барысында қайта қылмыс жасауды болдырмау, оларды жұмысқа орналастыру, кәсіби мамандықтарға оқыту, кәсіп ашуға мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер мен қажетті медициналық ем қабылдау, психологиялық - әлеуметтік көмек алу жолдары түсіндірілді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігі және жекелеген құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдатылғаны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында есептегі тұлғалардың сұрақтары мен пікірлері тыңдалып, толығымен жауап беріліп құқықтық көмек көрсетілді.

Оған қоса, облыс прокурорының орынбасары Д.Катаев қызыл санатта тұратын сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларына бару арқылы олардың отбасы мүшелерімен кездесіп, тұрмыстық жағдайларымен танысты.

Аталған іс-шара ай сайын өтіп тұратыны туралы шешім қабылданды.

 

Жалағаш аудандық прокуратурасы

 

Құқықтық көмек көрсетілді - 1884547771
Құқықтық көмек көрсетілді - 386435911