Қызылорда қаласында дәлелдемелерді бұрмалаған полицей сотталды

04 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыстық прокуратура әкімшілік істер бойынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін анықтады.

Атап айтсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейлері Д.Амангелдіұлы  қызметтік автокөлікпен  кезекшілікте жүріп, Қызылорда қаласындағы дүкенінің тұсында тоқтап тұрған «Hyundai Aсcent» маркалы автокөлігінің ішінде жүргізушісінің сыра ішіп отырғанын байқаған.

Содан, Д.Амангелдіұлы жүргізушіні медициналық куәландырудан өткізу үшін облыстық наркология орталығына алып барып, «жеңіл дәрежедегі» масаңдығы туралы қорытынды алған.

Полиция қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалау мақсатында жүргізушіге көп қабатты үйлердің арасына автокөлікті  өзі басқарып кіргізуін талап еткен. Айтылған талапты орындау барысында полиция көлік жүргізушісін  тоқтатып, оған автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырған (ӘҚБтҚРК-нің 608-бабы 1-бөлігі).

Облыстық прокуратурамен сот қаулысын зерделеумен ЖПҚ қызметкерлеріне қатысты материалдар СДТБТ-не Қылмыстық кодексінің 416-бабының 2-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментіне жолданды.

Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен Д.Амангелдіұлы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін қылмыстық кодексінің 416-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Үкім заңды күшіне енді.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен жүргізушінің әрекетінде құқық бұзушылықтың құрамының болмауына байланысты әкімшілік іс қысқартылған.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу