Қызылорда қаласының прокуроры тағайындалды

06 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда қаласының прокуроры тағайындалды - 1292926587

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Жақанов Ағыбай Қасымбайұлы Қызылорда қаласының прокуроры болып тағайындалды.

А.Қ.Жақанов 1986 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілін құқық қорғау органдарында 2009 жылы Қарағанды облыстық ІІД тергеуші қызметінен бастаған.

Прокуратура органдарына 2012 жылы қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында басқарма прокуроры, одан әрі Шымкент қаласының Еңбекші, Әл-Фараби аудандары прокурорының орынбасары, Атырау, Жамбыл облыстық прокуратураларында Қылмыстық қудалау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

2019 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасы Бас Көлік прокуратурасында Қылмыстық қудалау басқармасының бастығы лауазымын атқарып келген.

Құқық қорғау органдарындағы 10 жылдан жоғары қызмет өтілі бар, әділет кеңесшісі сыныптық шенінде.