Қызылорда облыстық прокуратурасы 2018 жылдың бірінші жартыжылдық жұмысын қорытындылады

18 шілде 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасында 2018 жылдың 1- жартыжылдығының жұмыс қорытындысы талқыланған кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Облыста қылмыстылықтың 15,2%-ке (5053-тен 4284-ке дейін) азайғаны атап өтілді.Қылмыстың ашылуы 72,3% құрады.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласы бойынша 9 мың азаматтың құқығы қорғалды.

Мемлекет меншігіне 108 млн.-нан астам қаржы өндірілді. Мемлекетке 5,2 млн. теңгені құрайтын 8 жер телімі қайтарылды.

Прокурорлық актілердің негізінде 2 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқықтары қорғалды. Жалпы 88,5 млн. теңге жалақы өндірілді.

Дотацияны бөлу мен игеру жағдайына жүргізілген тексеру нәтижесімен мемлекет пайдасына 57,7 млн. теңге шығын келтірілгені анықталды.

Мысалы, Қызылорда қалалық білім беру бөліміне тексеру жүргізу барысында жеке меншік бала-бақшаларның субсидияларды жымқырудың жүйелік схемасы анықталды.

Жеке меншік бала-бақшаларда тәрбиеленушілердің санын арттыру үшін бала-бақша иелері мен меңгерушілер жалған сенімхаттардың көмегімен ата-аналардың атынан ХҚКО арқылы балаларды өздерінің мекемелріне ауыстыру туралы арыздарды толтыру жолымен мемлекеттің дотация көлемін арттырып отырған. Аталған факті бойынша облыстық прокуратурамен СДТТБТ-не 4 құжат (1 іс сотқа жолданды) тіркелді.Қазіргі таңда, бұдан басқа 19,4 млн. теңге болатын 5 құжатты тіркеу мәселесі шешілуде.

2016-2017жж. мүгедек балаларды үйден оқытқаны үшін жалақыларына 40% қосымша ақылары төленбеген 2,5 мың мұғалімнің құқығы қорғалды.

Барлығы 91 мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығы қорғалды. Әлеуметтік қорғау органдары арнайы қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесімен қамтамасыз етілген арнайы әлеуметтік көмек көрсетпегені белгілі болды.

Азаматтық істер бойынша 40 млн. теңге мемлекеттің материалдық мүддесі қорғалды.

Ден қою актілерімен 113,5 млн теңге болатын 3 мың атқару құжаты орындалды.

Қылмыстық қудалау саласы бойынша мемлекетке көкнәр егілген жалпы көлемі 44,2 га болатын 19 жер телімі қайтарылды, жер иелері мен 18 лауазым тұлғалары әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында облыста «Е-қылмыстық іс» жобасы жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылы электронды нысанда 176 қылмыстық іс тергеліп, оның 72-і сотқа жолданды.

Сондай-ақ, 3,5 млн. теңгеден астам процестік шығындар өндірілді.

27 млн. теңгеге қылмыстық айыппұлдарды өндіру бойынша атқару өндірістері өндірілді.

Жыл басынан бері құқық қорғау қызметтері Орталығында 1 мыңнан астам азаматпрокурорлардыңжеке қабылдауында болды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша басшылық алдағы кезеңге бірқатар тапсырмалар берді.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

        

        

        

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу