Қызылорда облыстық прокуратурасы қару-жарақ айналымы саласына тексеру жүргізді

19 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасы қару-жарақтар айналымының саласына тексеру жүргізіп, 28 қайтыс болған адамға атыс қаруының тіркелу фактісін анықтады.

Тексеру облыстық ішкі істер органдарының бақылау-қадағалау және лицензиялау, рұқсат беру міндеті саласындағы қызметті тиісті деңгейде жүзеге асырылмайтындығын байқатты.

Облыста 8 165 тұрғынға 10 442 азаматтық қару тіркелген. 307 азаматта 346 ойық ұңғылы атыс қаруы бар.

Оның үстіне 15 адам психо-неврологиялық және наркологиялық диспенсерлердің есебінде тұр,8 азамат сотты болған.

Бұдан басқа, қайтыс болған 28 тұрғынға қару тіркелген.

Көрсетілген деректер бойынша қаруды сақтау және алып жүру рұқсаттарының күшін тоқтатуға шаралар қолданылмаған. Бұл ҚР«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Заңының талаптарын бұзады.

Қарудысақтау, қолдану және оны қайта тіркеу талаптарын бұзған 350-ден астам қару иелеріне емтиханды қайта тапсыру секілді шаралар қолданылмаған.

639 азаматтық қару иелерінің тұрғылықты жерлерін анықтау жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмеген.

Ішкі істер органдарымен жүргізілген қаруды өз еркімен өткізу шарасы аясында бірнеше рет атыс қаруларын өткізген 27 азаматқа қатысты анықтау шаралары ұйымдастырылмаған.

Анықталған заңбұзушылықтардың нәтижелері ведомствоаралық жедел мәжілісте қаралды.Мүдделі құқық қорғау органдарына жоғарыдағы кемшіліктерді жою бойынша тиісті шараларды қабылдау туралы нақты нұсқаулар берілді.

Прокурордың ұсынуы негізінде 9 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу