Қызылорда облысы прокуратурасында жеке кәсіпкерлердің шағымы қаралды

03 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысы прокуратурасында жеке кәсіпкерлердің шағымы қаралды - 1882966355

Қызылорда облысы прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Кеңес отырысына облыстық «Nur Otan» партиясы филиалы, жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйым, бизнес өкілдері қатысты.
Жиында кәсіпкерлердің ұзақ уақыттан бері шешімін таппай жүрген шағымдары қаралды.
Мысалы, кәсіпкер Құдайбергеннің жер учаскесінің үстінен қала әкімдігімен жеңіл конструкция үлгісінде футбол алаңы салынған. Кәсіпкер өткен жылдың 14-тамызында қала әкімдігіне жер учаскесін футбол алаңынан босатып беруді сұрап шағымданғанымен, оның мәселесі түпкілікті шешілмеген.

Сонымен қатар жеке кәсіпкер Ұ.Каримовтың алған жер учаскесіне көршілес учаскені қабаттастырып орналастырған.

Салдарынан Каримов наубайхана, тұшпара цехын, дүкен, мейрамхана орналастыру үшін 3 қабатты ғимараттың іргетасын құюмен шектеліп, құрылысын тоқтатқан.

Осы ретте Каримов «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан алған 16 млн.тг. несиесін 2 млн. тг. өсімпұлымен кері қайтарып берген.

Каримов өткен жылдың қазан айынан бері аталған мәселені шеше алмай, өз кәсібін бастай алмай келген.

Қызылорда облысы прокуратурасында өткен кеңес отырысында осы мәселелер жан-жақты талқыланды.

Жиын соңында облыс прокурорының орынбасары Н.Ерманов қала әкімдігіне кәсіпкерлердің мәселесін түбегейлі шешудің нақты мерзімдерін айқындап, олардың орындалу нәтижесі кеңестің келесі отырысында қаралатынын атап өтті.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Қызылорда облысы прокуратурасында жеке кәсіпкерлердің шағымы қаралды - 1164525195
Қызылорда облысы прокуратурасында жеке кәсіпкерлердің шағымы қаралды - 962412653
Қызылорда облысы прокуратурасында жеке кәсіпкерлердің шағымы қаралды - 939784542
Қызылорда облысы прокуратурасында жеке кәсіпкерлердің шағымы қаралды - 1090005447
Қызылорда облысы прокуратурасында жеке кәсіпкерлердің шағымы қаралды - 1605491293

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу