Қызылорда облысы прокурорларымен мүгедектердің құқықтарын бұзу фактілері анықталды

30 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысы прокурорларымен мүгедектердің құқықтарын бұзу фактілері анықталды - 1461581754

Қызылорда облысының прокуроры Н.Бижановтың төрағалығымен мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдары, мәслихат және «NurOtan» партиясы филиалы басшыларының қатысуымен алқа отырысы өтті.

Мәжілісте мүгедек адамдардың тұрмысын жақсарту жолдары, проблемалар мен оларды шешу жолдары, алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар талқыланды. 

2019 жылы мүгедектер саны 30 мыңға жетіп (29 990), жалпы халық санының 3,7 процентін құраған.

Мүгедектерді қолдау мақсатында мемлекет тарапынан қаржыландыру көлемі 40%артқанымен(2017/338 млн. 2018/558 млн., 2019/937 млн. теңге), 2019 жылы оңалту шараларының 79% орындалып, 1 300 мүгедек мемлекеттің қамқорынсыз қалған.

2018 жылы протездік-ортопедиялық көмек алуға жүгінген 4 мыңға жуық мүгедектің 393-не көмек берілмеген.

Қазалыда 5 жасар Шайхслам Олжасқа, Жалағашта 3 жасар Есмаханға ересек адамдарға арналған арба берілген.

Жаңақорған ауданында мүгедектердің 154 жеке көмекшілеріне қызмет ақылары бұрынғы коэффициентпен төленіп келген.

Қызылорда қаласында орналасқан психоневрологиялық ауруханасында стационарлық ем алып жатқан 1-топтағы мүгедек П.Рожаевқа 2019 жылдың 11 наурызынан бері үйден әлеуметтік қызмет көрсеткені үшін әлеуметтік қызметкер Г.Майханова айлық жалақы алып келген.

Қазалы аудандық полиция бөлімімен қылмыстық іс ақталмайтын негізде тоқтатылып, 62 мың теңге шығын мемлекет пайдасына қайтарылды.

Облыс көлемінде үйден оқытылатын оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер толықтай курстан өткізілмеген.Мысалы, Жаңақорған ауданындағы 42 мектептегі 152 мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ беретін 502 педагогтың тек 25 пайызы немесе 123-і арнайы курстардан өткен.

Жалағаштағы үйден оқытатын 326 мұғалімнің бірде-біреуі инклюзивті білім беру саласы бойынша арнайы оқу курстарынан өтпеген.

Заңсыздықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

Алқа отырысында мүгедектермен құрылған қоғамдық бірлестік өкілдерінің ұсыныстары назарға алынды.

Алқа отырысы нәтижесімен облыс әкімдігінемүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік қорғау, оңалту жүйесін жетілдіру және арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру бағытында Жол картасын жасақтау ұсынылды.

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мүгедек жандардың құқықтарының сақталуы жағдайын тоқсан сайын қарап, заң бұзушылықтарды жоюдың іс-шаралар Жоспары әзірленді.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Қызылорда облысы прокурорларымен мүгедектердің құқықтарын бұзу фактілері анықталды - 1148485580
Қызылорда облысы прокурорларымен мүгедектердің құқықтарын бұзу фактілері анықталды - 1797049667

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу