Қызылорда облысында Е-ҚІ және ӘХБТ жобалары белсенді жүзеге асырылуда

27 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасы әкімшілік және қылмыстық сот өндірісін цифрландыру аясында облыстық әкімдіктің жобаларды іске асыру кеңсесімен процестерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«ӘХБТ» жобасы бойынша ү.ж. қыркүйек айында қосымша 117 планшет (бұған дейін 29 планшет болған) алу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Бүгінгі күні барлық планшеттер алынып, сәтті жүзеге асырылуда, қазірдің өзінде 32 млн теңгенің 10 мыңнан астам хаттамасы толтырылды.

Сонымен қатар, прокурорлардың бастамасымен ішкі істер органдарымен «Е-ҚІ» жобасын жүзеге асырылу үшін әкімдік 92 млн. теңге бөлді. Бүгінгі күні 116 тергеуші мен анықтаушы қылмыстық істерді электронды форматта тергей алады, облыстық ішкі істер органаның облыстық Департаменті толығымен техникамен камтамасыз етілген.  

Үстіміздегі жылдың наурыз айынан облыстық экономикалық тергеу қызметі «Е-ҚІ» форматында 27 қылмыстық істі тергеп, нәтижесінде 3-еуі сотқа жолданса, 22 іс ақтаусыз негізде қысқартылды.  

 Облыстық прокуратураның арнайы прокурорлары жаңа құрылғылармен қамтамасыз етіліп, қазіргі таңда 3 қылмыстық іс электронды нысанда тергелуде.

Электронды нысанда тіркелген қылмыстық істердің 196-ы онша ауыр емес, 83-і ауырлығы орташа, 4-і ауыр санаттағы қылмыстық істерді құрады.

Жобаны жүзеге асыру барысында тергеу сотымен 9 алуды жүргізу және 1 мүлікке тиым салуды санкцияланды.

Біздің бастамамызбен жаңа технологияны енгізуде техникалық көмек көрсету және қылмыстық істерді электронды форматта қолдануда көмек көрсету үшін мобильдік топ құрылды.

        

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу