Қызылорда облысында мемлекет кірісіне 17 миллион теңге өндірілді.

03 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысында мемлекет кірісіне 17 миллион теңге өндірілді. - 121178380

Мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында Қармақшы ауданының прокуратурасы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік меншікті тиімді пайдалануға талдау жүргізді.

Аудандағы 10 мектеп асханасын жалға алушы Азаматтық кодекстің 553-бабының талаптарын бұза отырып, коммуналдық шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеген.

Прокуратураның араласуынан кейін аудан әкімдігі сотқа талап арызбен жүгінді, нәтижесінде жалға алушыдан мемлекет бюджетіне 17 миллион теңге мәжбүрлеп өндіріп алынды.

Сондай-ақ, барлық мектептерде тұтынылатын қызметтерді есепке алудың жеке құрылғылары, сонымен қатар коммуналдық төлемдерді төлеу үшін жалдаушылармен ай сайынғы салыстырулар жүргізілді.

Мемлекет мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

Қызылорда облысының прокуратурасы