Қызылорда облысында пробациялық бақылау мәселелері талқыланды

29 маусым 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасында  пробациялық бақылау қызметінің мәселелері жөнінде жиын өтті.

Облыс прокуроры Нұрлан Бижановтың төрағалығымен өткізілген іс-шараға облыс әкімінің орынбасары, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің, түзету мекемелерінің, жергілікті полиция қызметі мен атқарушы органдардың басшылары қатысты.

2018 жылы жаза өтеу орындарынан босатылған адамдардың саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 60%-ға (199-дан 335-ке), ал пробациялық бақылауға есепке алынғандардың саны 30%-ға (859-дан 1236-ға) артқан.

Ал оларды жұмыспен қамту көрсеткіші 2 есеге дейін (66%-дан 28%-ға) төмендеп, салдарынан жыл басынан бері пробациялық бақылаудағылармен  14 қылмыс, оның ішінде 6-ы бұрын ұсынылған жұмыстан бас тартқан тұлғалармен жасалған.

Пробация қызметінің жұмысын зерделеу нәтижесінде пробациялық бақылау шарттарын бұзудың көптеген фактілері анықталды (мекенжайлары бойынша тұрмауы, басқа өңірлерге кетуі, алкоголь мен есірткі заттарын пайдалану және т.б.).

Осыған орай, Н. Бижанов сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстарының жеткіліксіздігіне уәкілетті органдардың назарын аударып, олармен жасалған әрбір қылмыс дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізу қажеттілігін атап өтті.

Жиналысқа қатысушылар әр сотталғанға жеке жол картасын әзірлеу, оларды қайта даярлау, жұмысқа орналастыру квотасын 100% орындау қажеттілігі туралы облыс прокурорының ұсынысына бір ауыздан қолдау танытты.

Кездесу қорытындысымен пробация мәселелері бойынша жұмыс тобын құрып, оның есебін ай сайын тыңдау туралы шешім қабылданды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу