Қызылорда облысында «Тергеу ардагерлер сабақтастығы» құрылды

30 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысында «Тергеу ардагерлер сабақтастығы» құрылды - 1542933858

Облыстық прокуратурамен процессуалдық прокурорларды кәсіби тәжірибесі шындау ісіне тергеу органдарының ардаргерлері белсеңді қатысуда (прокуратура, полиция және т.б.).

Облыс прокуроры Х.Дәуешовтың бастамасымен құқық қорғау органдары ардагерлерінен «Тергеу ардагерлерінің пұлы» жасақталды.

Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Қызылорда қалалық прокуратурасының процессуалдық прокурорларының және шақырылған ардагерлердің қатысуында семинар өткізіліп, олармен сотқа дейінгі тергеуді қадағалау барысының тиімділігін күшейту бағытындағы мәселелер талқыланды.

Семинардың мақсаты – процессуалдық прокурорлар, оның ішінде жас мамандар жұмысқа қажетті пайдалы кеңестерді меңгеріп, алған білімдерін  тәжірибеде кеңінен қолдану болып табылда.

Семинардың спикерлері процессуалдық прокурорларға талқылауға бірқатар процессуалдық ситуациялар ұсынылып, оларды шешу қиындықтар туғызды.

Бұндай семинарларды өткізуде тәжірибе мен ақпарат алмасады, әрбір қатысушы өзінің көзқарасын және пікірін білдіреді.

Осы тектес семинарды тұрақты түрде өткізу туралы шешім қабылданды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу