Қызылорда облысында «Заң керуені» акциясы басталды

29 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысында «Заң керуені» акциясы басталды - 23607090

     Қызылорда облыстық прокуратурасымен өңірдегі барлық елді мекендерді қамтитын «Заң керуені» акциясы басталып, жүзеге асырылуда.

    Шараның басты мақсаты –облыс көлеміндегі барлық ауылдарға барып, тұрғындармен кездесу, олардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, өтініштерін қарап, құқықтық көмек көрсету.

    «Заң керуені» акциясы алғашқы болып Сырдария ауданында өтіп, барлығы 13 ауыл және аудан орталығы қамтылды.

     Шара ауылдардағы халықпен кездесу, жеке қабылдау, әлеуметтік нысандардың жағдайын білу, аула (көше) аралау арқылы тұрғындармен әңгімелесу, елді мекеннің жалпы жағдайын зерделеу нысанында жүргізілді.

    Жинақталған мәліметтер тұрғындардың жер (жайылымдық, егістік), мал ұрлығы, жол қатынасы мәселесіне алаңдаулы және бұлар барлық ауылға тән проблема болып қалыптасқанын көрсетті.

    Ауыл тұрғындарының жанына батып жүрген ең басты мәселе-  жайылымдық жерлердің тапшылығы мен мал ұрлығының тыйылмауы.

    Малмен күн көріп отырған жұртты жайылымның жоқтығы мен ұрлық қос бүйірден қысуда.

  Облыстық прокуратураның бастамасымен мал ұрлығы мәселесі бұған дейін облыс әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссия отырысында қаралып, жергілікті жердегі әкімдерге тиісті тапсырма берілген.

   Ал, аудан орталығындағы аса назар аудартқан мәселе орталық аурухананың жылу жүйесінің ескіріп, істен шыққаны және оны жөндеу жұмыстарының тоқтағаны.

   Аурухана жылу маусымына мүлде дайын емес.

   Облыстық прокуратурамен жалпы аудан бойынша қалыптасқан проблемалық мәселелер тізімі жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін облыс әкімдігіне хат жолданып, бақылауға алынды.

   Акция жұмысы алдағы уақытта өзге аудандарда жалғасатын болады.

   Қызылорда облысының прокуратурасы

 

Қызылорда облысында «Заң керуені» акциясы басталды - 892866643
Қызылорда облысында «Заң керуені» акциясы басталды - 3787542
Қызылорда облысында «Заң керуені» акциясы басталды - 197933510

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу