Қызылорда облысында жалақы төлеу мәселесі прокурорлардың бақылауында

14 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарымен жұмысшылардың еңбек құқықтарының қорғалу саласындағы , сонымен қатар, еңбекақыларының мерзімінде төлеу жағдайына тұрақты түрде талдау жасалады.

Ағымдағы жылы 492 жұмысшыларға 90 млн. теңгеден астам жалақы қарыздарының төленуіне қол жеткізілді.

Бүгінгі күнге 5 ұйымның 46 жұмысшылар алдында қалыптасқан 24 млн. теңге жалақы қарыздарын төлеттіруге тиісті шаралар қолдануда.

Құқық қорғау қызметі орталығына еңбек ақысын уақытылы алмағандығы туралы жергілікті тұрғын шағымданды.

Аталған шағымды қарау барысында «Қызылорда су жүйесі» МКК-нің 570 жұмысшыларына 2018 жылдың шілде-тамыз айларына 62,8 млн. теңге жалақылары төленбегені белгілі болды.

Прокурорлық ықпал ету актісімен заңбұзушылық жойылып, жұмысшыларға айлық жалақылары төленді, ал кәсіпорын басшысы еңбек ақысын төлеу бойынша талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу