Қызылорда облысындағы ҚҚҚО ашық есік күні өткізілді

14 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында Ашық есік күні өткізіліп, соның аясында қала әкімі және облыстық әкімдіктің құрылымдық бөлім басшылары жеке қабылдау өткізді.

БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы іс-шара туралы  ақпараттандырылған қала тұрғындары белсенділік көрсетті.

Қабылдауға барлығы 200-ге жуық азамат өтініш білдірді.

Өтініштердің сипаты негізінен тұрғын үй, жер және әлеуметтік мәселелерге қатысты болды.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының Ұлт жоспарын орындауда азаматтардың өтініштерін қарауда созбалаңға салуға жол бермеу және құқықтарын қорғау үшін облыстық прокуратура жанында Құқық қорғау қызметтері орталығы жұмыс істейді.

Өткен жылы 5 мыңнан астам жеке және заңды тұлғаға құқықтық көмек көрсетілді, соның ішінде прокурорлармен 2 мың арызданушы қабылданды.

Азаматтарға қолайлы болу үшін бекітілген кестеге сәйкес құқық қорғау, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары жеке қабылдау ұйымдастырады.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу