Қызылорда облысындағы ҚҚКО-ы жұмысының қорытындысы

02 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет Басшысының 100 нақты қадам Ұлт жоспарындағы құқықтық қызметтерді бір орынға біріктіруді жүзеге асыру аясында облыстық прокуратураның бастамасымен Қызылордада құқық қорғау қызметтері Орталығы ашылды.

Бұл жерде полиция қызметкерлері, мемлекеттік кіріс, әділет, халыққа қызмет көрсету орталығы, сот орындаушылар, адвокаттар, медиаторлар мен психологтар қызмет көрсетеді. Облыстық прокуратураның қызметкерінен құралған арнайы топ  Орталықта тұрақты түрде құқықтық-кеңес береді.

Осы кезеңге дейін Орталыққа 4 мыңнан азамат келген.

Облыс прокурорының жеке қабылдауында  1700 азамат қабылдауда болған, 1500 арызданушыға құқықтық көмек көрсетіліп, 183 жазбаша шағым тіркелген.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін бекітілген кестеге сәйкес, Орталықта құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшыларымен (әр айдың соңғы бейсенбісі сағ. 11.00.-ден 12.00-ге дейін) жеке қабылдау жүргізілетінін атап кету қажет. Орталық ашылғалы олармен 1 мыңнан астам азамат қабылдауда болды.

Кезекті қабылдауда, атап айтсақ, а.ж. 27 қыркүйегінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларымен 60-тан астам азамат қабылдауда болса, оның 12-ін облыс прокуроры қабылдады.  

Барлық азаматтарға тиісті түсіндірулер берілсе, жекелеген арыз-шағымдар жеке қабылдауға алынды.

Ү.ж. 1 қазанынан бастап Орталықта облыстық әкімдіктің құрылым бөлімдерінің басшылары қабылдау жүргізеді.

Жеке қабылдаудың осы тектес тәжірибесі азаматтардың мәселелерінің жедел шешілуіне, сонымен қатар, қағазбастылықсыз құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Облыстағы алыс шалғайдағы жекелеген аудандар тұрғындарының уақыты мен қаржылық жағдайын үнемдеу мақсатында Жаңақорған, Қазалы және Шиелі аудандарында осы тектес орталықтар ашылғанын еске саламыз. 

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

             

 

             

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу