Қызылорда облысының Құқық қорғау қызметтері орталығы төрт айда 820-дан астам адамды қабылдады

28 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысының Құқық қорғау қызметтері орталығы төрт айда 820-дан астам адамды қабылдады  - 1729753637

28.12.2017 жылы Қызылорда облысының Құқық қорғау қызметтері орталығында құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары кезекті жеке қабылдауды өткізді. Бір сағат ішінде Орталықта 60-тен астам адамдар қабылданды.

Олардың ішінде 12 адам тікелей облыс прокурорына жүгінді.

Барлық жүгінгендер тиісті заң түсіндірмелерін алды, ал кейбір арыздар облыс прокуроры мен тиісті мемлекеттік органдар басшыларының жеке бақылауына алынды.

Бұл жеке қабылдау тәжірибесі азаматтардың мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік беретінін, сондай-ақ ұзақ мерзімді алатын әкімшілік рәсімдерсіз, оларға құқықтық көмекті уақытылы көрсететінін атап өту керек.

Орталықта тіркелген кестеге сай (әр айдың соңғы бейсенбі күні сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін) құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшылары жеке қабылдау жасайды.

Жалпы төрт айдың ішінде Орталыққа 826 адам барған, олардың 66-ы арыздар берген.

Прокурорлар 263 азаматтарды жеке қабылдаған. Қабылдау қорытындысымен 218 азаматқа ауызша заң түсіндірмесін беріп, құқықтық көмек көрсетсе, 45 жазбаша арыздар қабылдады.

Облыс тұрғындарының Орталық туралы оң пікірлерін ескеріп, Бірінші Президент күні қарсаңында осындай орталықтар облысымыздағы екі ауданда (Жаңақорған және Қазалы) ашылды. Енді тұрғындар уақыт пен қаржы ресурстарын үнемдеп, тікелей оларға жүгіне алады.

Жаңақорған ауданында орналасқан Орталыққа бүгінгі күні 100-ден астам адамдар қабылданып, олардың 19-ы жазбаша арыздармен жүгінген. Оның ішінде прокурорлар 37 азаматтарды жеке қабылдаған.

Қазалы ауданындағы Орталыққа 120 азамат жүгінсе, олардың 34-і  кеңсеге жазбаша арыздарын қалдырған. Прокурорларға жалпы 37 азамат жеке қабылдауға келген.

Мұндай сұарынысқа ие, өнімді және мақсатты жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Қызылорда облысының баспасөз қызметі

Қызылорда облысының Құқық қорғау қызметтері орталығы төрт айда 820-дан астам адамды қабылдады  - 643052381
Қызылорда облысының Құқық қорғау қызметтері орталығы төрт айда 820-дан астам адамды қабылдады  - 1931203994
Қызылорда облысының Құқық қорғау қызметтері орталығы төрт айда 820-дан астам адамды қабылдады  - 1809941996
Қызылорда облысының Құқық қорғау қызметтері орталығы төрт айда 820-дан астам адамды қабылдады  - 785708181
Қызылорда облысының Құқық қорғау қызметтері орталығы төрт айда 820-дан астам адамды қабылдады  - 1845942525

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу