Қызылорда облысының прокуратурасы БАҚ өкілдерін құттықтады

29 маусым 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының прокуратурасында Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті.

Облыс прокуроры Нұрлан Бижанов қонақтарды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мен заң үстемдігін нығайтудағы прокуратураның жұмысы ең алдымен БАҚ-пен тығыз қарым-қатынасқа негізделгенін атап өтті.

Құқық қорғау органдарының беделін арттыруға үлкен үлес қосқан «QYZYLORDA» телеарнасының тілшісі Мөлдір Құлмырзаеваның «Заң сөйлейді» атты жетекші бағдарламасы ерекше атап өтілді.

Жетекші республикалық және жергілікті журналистерге алғыс хаттар мен сыйлыққа кітаптар табысталды.

БАҚ өкілдері өз кезегінде, жаңа жобаларды ынтымақтасып жүзеге асыруға дайын екендіктерін және кәсіби мерекеге көңіл бөлгендері үшін прокуратура қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.

Кездесу соңында естелік үшін фотоға түсу рәсімі болды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу