Қызылорда облысының прокуратурасы тұғындарды жұмыспен қамту саласында бұзушылықтарды анықтады

21 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасымен халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаларының қолданылуына тексеріс жүргізілді.

Несиелерді мақсатсыз жұмсау, сұранысы жоқ мамандықтарға формалды түрде оқыту, оқу бағасын асырып көрсету, сонымен қатар, бюджет қаржысын жымқыру деректері анықталды.

Мысалы, Жаңақорған ауданындағы жұмыспен қамту орталығының есепшісі жастар практикасы мен қоғамдық жұмыстарға бөлінген 11,6 млн. теңгені өзінің таныстарының есеп шотына аудару арқылы, бюджет қаржысын өз пайдасына жаратқанын анықтады.

Арнайы прокурорлар басқармасымен Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Жаңақорған аудандық сотының ү.ж. 20 шілдесіндегі үкімімен есепшіге  шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, онымен келтірілген шығын толығымен өндірілді.

Сондай-ақ, тексеру барысында, азаматтарды жұмысқа орналастыру саласында бағдарлама талаптарының орындалуы туралы есептік мәліметтердің бұрмаланғаны, бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалғаны анықталды.

Мысалы, жұмыспен қамту орталықтарымен 3,5 мың адам қысқа мерзімді оқуға жолданып, оқытылған мамандық бойынша 780 немесе 22% ғана жұмысқа орналасқан. Олардың басым көпшілігі өз кәсібі бойынша жұмыспен қамтылмаған.

Шиелі ауданында мамандық бойынша оқытылған 376 адамның тек 25-і ғана өз мамандықтарымен, 72-і өзге мамандықпен  жұмысқа орналастырылған.

Атап айтсақ, Шиелі ауданының тұрғыны Ж.Байдүйсенова  аспазшы мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуын бітіргенімен, мұғалім болып жұмыс жасайды.

Қазалы ауданында сұранысқа ие мамандыққа жатпайтын «Бармен» мамандығы бойынша егде жастағы 6 адам қысқа мерзімді оқу бітірген.

Тексеру аясында барлығы 1402 азаматтың құқықтары қорғалды, мемлекетке 14,4 млн. тенге өндіріліп, 11 тұлға қылмыстық, 14-і лауазымды тұлға  тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу