Қызылорда облысының прокурорлары Белгород облысында енгізілген жобалық басқарудың тәжірибесімен танысты

12 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысының прокурорлары Белгород облысында енгізілген жобалық басқарудың тәжірибесімен танысты - 1981276238
Қызылорда облысының прокурорлары Белгород облысында енгізілген жобалық басқарудың тәжірибесімен танысты.
 
Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Белгород делагациясының өкілдерін шақыру арқылы өткізілген екі күндік семинар жобалық басқарудың құралдарымен танысуға мүмкіндік берді. Семинарды Белгород облысы губернаторының орынбасары Павлова Ольга Альбертовна жүргізді. 
 
Семинар барысында жобалық менеджменттің тәсілдері, оларды қолдану және жобалау жолдары, жобалық басқарудың құралдары атап өтілді. Делегаттар бұған дейін Белгород облысымен жүзеге асқан бірқатар жобаларды көрсетіп, олардың нәтижелерімен бөлісті. 
 
Семинар барысында облыс прокуроры Халидулла Дәуешов прокурорлық тұрғыдан бұл жобалық менеджменттің пайдасын атап өтті.
Прокуратура органдарының жұмысын жобалық менеджмент арқылы жүзеге асыру – біздің жұмысымызды жүйелі түрде жобалауға мүмкіндік беруде, - деді Халидулла Дәуешов. 
 
Делегаттар прокуратураның заманауи және креативті жұмыстарын оңды бағалап, бұл тектес жобалық менеджмент тәсілдерін қолдануды Белгород облысының прокурорына ұсынғанын атап өтті.
 
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі
 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу