Қызылорда облысының прокурорлары заңнамаға енгізілген түзетулерді сотталғандарға түсіндірді

11 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қызылорда облысының прокурорлары заңнамаға енгізілген түзетулерді сотталғандарға түсіндірді - 527508623

Қызылорда облыстық прокуратурасы өңірдегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар мен пробация қызметінің есебіндегі сотталғандармен кездесіп, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылғы 31 шілдеден бастап қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған заң нормалары күшіне енді.

ТүзетулерҚылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерінің300-ден астамбабына енгізілді. Олар күш көрсетумен байланысты емес қылмыс жасағаны үшін сотталғандарға жаза мерзімін төмендетуге және жазаны өтеу жағдайын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Бүгіндебарлық қылмыстық істер мен үкімдерге ревизия жасалып, олардың уақытылы қаралуыжәне заңды шешімдер қабылдануы қамтамасыз етілуде.

Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 14 сотталғанның жазасын қайта қарау мақсатымен сотқа өтініштер жіберілді. Бүгінгі күні сот үшеуінің әрекетін қайта қарап, жазаларын төмендетті.

Басбостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлерінекесілген сотталушылар арасынан жаңа Заң қолданылуы мүмкін 70 адам анықталды. Олардың 42-сіне қатыстыматериалдар сотқа жолданды.

Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі қарай жалғасады.

 

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу