Қызылорда облысының прокуроры Байқоңыр қаласында азаматтарды жеке қабылдау жүргізді

11 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Байқоңыр қаласының тұрғындарымен көшпелі кездесу барысында Қызылорда облысының прокуроры азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.
Оған тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, елді мекен аумағын көркейту, полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері және әлеуметтік саладағы т.б. мәселелер бойынша 9 азамат жолықты.
Арызданушылармен сұхбаттасу барысында құқық бұзушылық профиликатикасы, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен Қазақстан азаматтарына қатысты алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу заңдылығы мәселелері талқыланды.
Бірқатар шағымдар заң талаптарын түсіндіру арқылы сол жерде шешімін тапты. Қосымша зерделеуді және анықтауды талап ететін өтініштер қарау үшін қабылданды және жеке бақылауға алынды.
Сондай-ақ облыс прокуроры Х.Дәуешов Байқоңыр кешеніндегі Қазақстан ІІМ өкілдігіне жолығып, Төретам және Ақай кенттеріндегі жылжымалы полиция бекеттерінің материалдық-техникалық жабдықталуымен, олардың жағдайымен және Облыстық медицина орталығында біздің азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасымен танысты.
Көшпелі кездесудің нәтижесімен қала прокурорына азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды азайту, ахуалдың тұрақсыздандырылуын болдырмау жөнінде тапсырмалар берілді.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу